Жыл сайынғы El Umiti премиясы

Жасыңыз 14-18 жаста ма? Онда бұл жоба дәл сізге арналған. «El Umiti» қоры» КҚ 15 қыркүйек пен 1 қараша аралығында жастардың өзін-өзі жетілдіруге, көшбасшылыққа және әлеуметтік белсенділігін арттыруға, дамытуға, қолдауға бағытталған дәстүрлі іс-шара өткізеді.
15 қыркүйек 2023

Мақсат – қоғамның түрлі саласындағы жас көшбасшыларды анықтап, тәлімгер болып, әрі қарай дамыту.

Премияға қатысу екі кезеңнен тұрады.

«Өзін-өзі жетілдіру» кезеңі (16 қараша – 31 мамыр): қатысушылар негізгі жеті бағыт бойынша жеке даму жоспарын әзірлеп, ұйымдастырушылар келісімімен бекітіп алады.

«Әлеуметтік жоба жасау» кезеңі (1 шілде – 31 тамыз): финалистер топтық түрде немесе жеке өзі даярлайтын әлеуметтік жобаларын іске асыруға мүмкіндік алады.

Бірінші кезеңнің соңында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға «El Umiti» жазғы оқу лагеріне жолдама беріледі.

Премияға premia.elumiti.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Үміткерлер сайтта көрсетілген сауалнаманы толтырып, ынталандырушы бейнеролик дайындап, өз жетістіктерін растайтын құжаттарды өткізуге тиіс.

Іске сәт!

Қазақстан тарихы бойынша онлайн-турнир
"Тәуелсіздік дәуірі" ойыны бойынша онлайн-турнир жариялаймыз!
26 наурыз 2025
Туған жерім - шағын Отаным
Байқау жеңімпаздарын жариялаймыз!
20 наурыз 2025
Туған жерім - шағын Отаным
Видероликтер байқауын жариялаймыз!
17 ақпан 2025
«Абай мұрасы – ұрпаққа аманат»
Видеороликтер байқауының жеңімпаздары анықталды
29 қаңтар 2025