• EL UMITI премиясы

    Егер жасың 15 пен 17 жас арасында болса «EL UMITI» премиясы» жобасына қатысып, білім грантын ұтып ал!
    Алғашқы қадамыңды жаса
  • Іріктеу нәтижелерін жариялаймыз!

    Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз және қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
    Толығырақ
  • «El Umiti Премиясының» марапаттау рәсімі

    Елордамыздағы Ұлттық Музейдің ғылыми кітапханасында «El Umiti Премиясының» финалы және марапаттау рәсімі өтті
    Толығырақ
  • «El Umiti Премиясы» Жобасының финалы

    «El Umiti Премиясы» Жобасының ФИНАЛЫНА өткен Жобалар тізімі
    Толығырақ
  • Жыл сайынғы El Umiti премиясы

    Жасыңыз 14-18 жаста ма? Онда бұл жоба дәл сізге арналған. «El Umiti» қоры» КҚ 15 қыркүйек пен 1 қараша аралығында жастардың өзін-өзі жетілдіруге, көшбасшылыққа және әлеуметтік белсенділігін арттыруға, дамытуға, қолдауға бағытталған дәстүрлі іс-шара өткізеді.
    Толығырақ
0+
өтінім
0+
облыс
0+
қатысушы
 

Жоба миссиясы

Өсу құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруді сәнге енгізу.

«EL UMITI» премиясы туралы – жоба жастардың кәсіп табуына, әртүрлі салаларда өздерін жүйелі түрде дамытуға, өзгелерге қамқор болуға, алға қойған мақсаттары мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қолдау беру және көмектесуге бағытталған.

Ережені ашу

Жобаға қатысудың пайдасы қандай?

Тәжірибелі тәлімгерлер
Толығырақ
Жазғы білім беру лагерінде білім алу және демалу
Толығырақ
Оқу курсы
Толығырақ
Білім гранты
Толығырақ
ПРЕМИЯҒА АПАРАР ЖОЛ 
1-кезең. «Өзін-өзі жетілдіру» 
7 бағыт бойынша өз бетіңше оқудан өту керек немесе ұсынылған шараларға қатысып, сертификаттарды жүкте! 
2-кезең. «Жоба жасау» - жобаңды дайындап, сыйлығыңды ал! 
Біліміңді пайдалана отырып, өз жобаңды дайында! 
Жобаның барлық шартын сақтай отырып, өтіп шықсаң білім беру лагерінде демалып,  оған қоса 500 000 -нан 2 000 000 теңгеге дейін білім грантын ұтып аласың!
ПРЕМИЯҒА АПАРАР ЖОЛ 
1-кезең. «Өзін-өзі жетілдіру» 
7 бағыт бойынша өз бетіңше оқудан өту керек немесе ұсынылған шараларға қатысып, сертификаттарды жүкте! 
2-кезең. «Жоба жасау» - жобаңды дайындап, сыйлығыңды ал! 
Біліміңді пайдалана отырып, өз жобаңды дайында! 
Жобаның барлық шартын сақтай отырып, өтіп шықсаң білім беру лагерінде демалып,  оған қоса 500 000 -нан 2 000 000 теңгеге дейін білім грантын ұтып аласың!
Оқуға құштар ұлт
Оқырман қызығушылығын қалыптастыру және дамыту, кітап оқу қажеттілігін қалыптастыру
Спорт және салауатты өмір салты
Спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, дұрыс тамақтану принциптерін сақтау
Еріктілік
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызығушылығы негізінде тегін, ерікті түрде жүзеге асырылатын әлеуметтік тұрғыда бағытталған, қоғамға пайдалы қызмет
Экологиялық мәдениет, туризм
Туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерттеу, өлкетану, сондай-ақ экологияны және табиғатты сақтауға бағытталған қалыптасқан мінез-құлық дағдылары мен қызметті көрсету
Өзін кәсіби маман ретінде айқындау
Бастапқы практикалық тәжірибе жинақтау және кәсіптік еңбекке баулу
Meta-Skills: машық пен дағды
Әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, жеке шығармашылық қабілеттерді және дарынды ашуға бағытталған сабақтар
Ұлттық мұра
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын, мәдениетін үйретіп, Қазақстан тарихы туралы білімін тереңдету

Алдын ала тіркеліп, басталуын жіберіп алмаңыз

 

Сұрақ-жауап

Премияға кімдер, қандай жас категориясы қатыса алады?
Премияға 15-17 жас аралығындағы, айқын көшбасшылық қасиеті, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі дамытуға ұмтылысы, ұжымда жұмыс істеуге ұмтылысы бар жастар қатыса алады.
Портфолиоға бағалауды кім жүргізеді?
Премияға ұсынылған материалдар мен қатысушыларды іріктеуді Ұйымдастырушы бекіткен сараптама комиссиясы жүргізеді. Комиссия үміткердің портфолиосына сараптамалық талдау жүргізеді, сараптама негізінде қатысушы Премияға қатысу барысында жетістікке жетуге бағдарланады.
Премияға қатысушыларды іріктеудің нәтижесі қайда және қашан жарияланады?
Іріктеу нәтижесі ресми https://premia.elumiti.kz/ сайтында биылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жарияланады.
Мен 7 бағыт бойынша жартыжылда өзімді дамытып, Тізімде көрсетілмеген ұйымдардан өте аламын ба?
Жеке даму жоспарын жасау кезінде қатысушыға Тізімде көрсетілмеген басқа курстардан өту құқығы беріледі. Даму жоспарына өзгерістер ұйымдастырушының келісімі бойынша ғана енгізіледі.

Мүмкіндік туралы
достарыңмен бөліс

Премияның видео-таныстырылымы

Сұрақтарыңыз бар ма?

БІзге хат жазыңыз немесе хабарласыңыз