Премияға кімдер, қандай жас категориясы қатыса алады?
Премияға 15-17 жас аралығындағы, айқын көшбасшылық қасиеті, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі дамытуға ұмтылысы, ұжымда жұмыс істеуге ұмтылысы бар мектеп оқушылары қатыса алады.
Портфолиоға бағалауды кім жүргізеді?
Премияға ұсынылған материалдар мен қатысушыларды іріктеуді Ұйымдастырушы бекіткен сараптама комиссиясы жүргізеді. Комиссия үміткердің портфолиосына сараптамалық талдау жүргізеді, сараптама негізінде қатысушы Премияға қатысу барысында жетістікке жетуге бағдарланады.
Премияға қатысушыларды іріктеудің нәтижесі қайда және қашан жарияланады?
Іріктеу нәтижесі ресми https://premia.elumiti.kz/ сайтында биылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жарияланады. Сонымен қатар, нәтижелер біздің instagram парақшамызда жарияланатын болады.
Мен 7 бағыт бойынша жартыжылда өзімді дамытып, Тізімде көрсетілмеген ұйымдардан өте аламын ба?
Жеке даму жоспарын жасау кезінде қатысушыға Тізімде көрсетілмеген басқа курстардан өту құқығы беріледі. Даму жоспарына өзгерістер үйлестірушінің келісімі бойынша ғана енгізіледі.
Мен неше сертификат жүктеуім керек?
I кезең барысында қатысушы жеке кабинетіне жеке даму жоспарын іске асыру барысында өзінің табысы мен жетістіктерін растайтын ресми құжаттарды жүктейді( барлық бағытты қамтитын кемі 12 сертификат болуға тиіс)
Мен жобаны 1 кезеңнен кейін аяқтай аламын ба?
Иә, I кезеңнен сәтті өткен қатысушыға Премияның I кезеңінен өткені туралы сертификат беріледі. Сондай-ақ, курстың соңында финалистерге әлеуметтік жоба құру арқылы өз идеяларын жүзеге асыру және II кезеңнен өту мүмкіндігі беріледі. Яғни, сіз осы кезеңде жобаны жалғастыра аласыз немесе аяқтай аласыз.
Премияны ақша түрінде ала аламын ба?
Премия ақша, қаражат түрінде беріледі. Премия жобаларды үздік қорғағаны үшін оқу ақысы, тағылымдамадан өтуге арналған білім беру гранттары, халықаралық конкурстарға қатысуға жарналар, travel-гранттар және т.б. түрінде беріледі. Яғни, "El Umiti" премиясының лауреаты сыйлықты өз бетінше пайдаланып, жоғарыда көрсетілгендерден басқа мақсаттарға жұмсай алмайды.
І кезең, «Өзін-өзі жетілдіру» кезеңі қашан басталып, қашанға дейін созылады?
I-кезең, «Өзін-өзі жетілдіру» кезеңі 1 желтоқсан мен 31 мамырды қоса алғандағы аралықта 7 бағыт бойынша жарты жылдық өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын көздейді: «Спорт және салауатты өмір салты»; «Meta-Skills: машық пен дағдылар»; «Оқуға құштар ұлт»; «Еріктілік»; «Ұлттық мұра»; «Экологиялық мәдениет, туризм»; «Өзін кәсіби маман ретінде айқындау»
Қатысушы ұйымдастырушы ұсынған курстар тізімінде жоқ басқа курстар мен іс-шараларды қоса ала ма?
Қатысушыға тізімде көрсетілмеген өзге курстардан өту құқығы беріледі.
Егер менде спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдер болса, осы бағыттағы сертификаттарды қалай аламын?
Егер сізде спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, осы тақырып бойынша Cousera, Udemy, Skillbox және т.б. сияқты білім беру платформаларында онлайн оқудан өтуге аласыз. Сонымен қатар, сіз шахмат және басқа да зияткерлік спорт түрлеріне қатыса аласыз.
Бір топта неше адам бола алады?
Бір топта 2-3 адам болуы мүмкін, оның біреуі топ жетекшісі болады және ол жобаны жүктеу мүмкіндігіне ие.
Премия кімге тағайындалады?
Ең үздік қорғалған жобаға берілетін Премия төмендегі номинациялар бойынша оқу ақысын төлеуге, тағылымдамадан өтуге, халықаралық байқауларға қатысу жарнасын төлеуге, travel-гранттар және т. б. білім беру гранты түрінде беріледі: • 1 номинация «Спорт және салауатты өмір салты»; • 2 номинация «Meta-Skills: машық пен дағдылар»; • 3 номинация «Оқуға құштар ұлт»; • 4 номинация «Еріктілік»; • 5 номинация «Ұлттық мұра»; • 6 номинация «Экологиялық мәдениет, туризм»; • 7 номинация «Өзін кәсіби маман ретінде айқындау».
Жеңімпаз қандай Премияға ие болады?
1 орын - 2 000 000 тг. 2 орын – 1 000 000 тг. 3 орын- 500 000 тг.
Қатысуға өтінімді қайда қалдырамыз?
Жобаға тіркелу осы сайтты жүргізіледі. Жоғарғы оң жақта "Тіркелу" батырмасы арқылы тіркелу формасын толтыру қажет
Өтінімнің талаптары қандай?
Қатысуға өтінім келесі ақпаратты талап етеді: 1) Жеке ақпарат 2) Қатысушы суреті (қалауынша) 3) Мотивациялықвидео (видеоға сілтеме) 4) Соңғы 2 жылда жеткен жетістіктер (формаға бірге тіркеу)
Тіркелу кезеңі қанша уақыт созылады?
Тіркелу ЖЫЛ САЙЫН 1 қыркүйектен 15 қарашға дейін жалғасады.
Жасым 14-те болса, өтінім қалдыра аламын ба?
II-кезіңге дейін 15 жасқа толатын болсаңыз, өтінім қалдыра аласыз
II-кезең қашан басталады?
Жобаның II-кезеңі лагерьге жолдама мен лагерьде "Бейнеөндіріс және кинобизнес" бағытында курс өту болып табылады (2024-2025 жылға). Басталу уақыты - биылғы жылғы маусымның ортасы.
II-кезеңге кімдер өтеді?
Жобаның II-кезеңіне I-кезеңде жүктелген сертификаттары бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушылар өтеді. Сонымен қатар, сертификаттар саны ең аз дегенде 12 және әр бағыт бойынша болуы керек.
Өз жеке даму жоспарымды қалай өзгерте аламын?
Егер жоспарда қатені түзеу, курсты өшіру, сертификатты қате жүктеп қойсаңыз, өзіңіздің жоба координаторыңызбен байланысыңыз..
Жоспарды тексеріске жібере алмадым, не істеу керек?
Жоспарды координатор тексерісіне жіберу үшін әр бағыт бойынша курс(жеке енмесе "Курстар" бөлімінен) қосу керек. Сонымен қатар, курс саны 12-ден аз болмау керек.
Жазғы лагерь қайда өтеді?
Жазғы лагерь дәстүрлі түрде жыл сайын Ақмола облысының сауықтыру орталықтарында өтеді. 2024 жылы біздің El Umiti жобаларының қатысушылары 10-күн Зеренді ауылында, Сұңқар орталығында өткізген болатын. Лагерьден естеліктерді біздің инстаграм парақшаларында таба аласыз! Inst: @el_umiti.kz, @elumiti_premiasy
Лагерь кімдер үшін?
Жыл сайын біздің Қор жобаларымыздың ең белсенді 200 қатысушысына арнап жазға лагерь ұйымдастырады. Бііздің қатысушылар бұл - 14 пен 17 жас аралығындағы Қазақстан бойынша мектеп оқушылары. Лагерьге қатысу толықтай тегін!
El Umiti Премиясы жобасының қатысушысы болсам, қалай лагерьге бара аламын?
El Umiti Премиясы қатысушылары 6 ай ішінде әр бағыт бойынша ең кем дегенде 12 сертификат жүктеу керек. Сонымен қатар, біздің Қордың ұйымдастыруымен болатын байқаулар мен басқа да жобалардың білсенді қатысушысы болу керек.
Жобаны жеке өзім жасауға болады ма?
Иа, жобаны жеке және топта жасауға болады. Екі форматта бірдей бағаланады.
2024 жылдың жеңімпаздары кімдер?
2024 жылы финалдық кезеңге 13 қатысушы өтіп, өз жобаларын қорғау үшін Астана қаласына шақырылды. Қазылар алқасының бағалау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: 1 орын - BILi'Minnovation - Жұмабай ЕРАСЫЛ, Дүсенбек АЛДИЯР, Сүлейменов НҰРӘЛІ, Абай облысы; 2 орын - ТАНДА - ҒАБИДЕН Мәуленов, Ақтау; 2 орын - Ойlike – Зекенова ДИАНА, Павлодар облысы; 3 орын - Link Up - ИСЛАМ Батырхан, Түркістан облысы; 3 орын - PlastX - Рамазанова ФАРИЗА, Оразалы ЕРКЕНАЗ, Қазиева САҒЫНЫШ, Астана; 3 орын - Ecosystem – Тоқсанбаева АЙНҰР, Маңғыстау облысы;