ЖАСТАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫН КӨЗДЕЙТІН
«EL UMITI» ПРЕМИЯСЫ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Ереже Жастардың тұлғалық дамуын көздейтін «El Umiti» Премиясы бағдарламасының (бұдан әрі - Премия) мақсаттары мен міндеттерін, өту тәртібін, мазмұнын және талаптарын айқындайды.
2. Премияның ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «El Umiti» қоры» КҚ (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) болып табылады.
3. Мақсаты – жастардың қоғамда өз орнын табуына, әртүрлі салаларда өздерін жүйелі түрде дамытуға, алға қойған мақсаттары мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қолдау көрсету және көмектесу. Жоба 7 бағыт бойынша жұмыс жасайды:
4. Міндеттері:
ПРЕМИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
5. Премияға 14 пен 17 жас (қоса алғанда) арасындағы көшбасшылық қасиеттері айқын, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі жетілдіруге және топпен бірге жұмыс істеуге ұмтылысы бар мектеп оқушылары қатыса алады.
6. Басым құқыққа «El Umiti» бастамасы аясында жүзеге асырылған жобалардың жеңімпаздары мен қатысушылары ие болады (растайтын сертификаттардың, дипломдардың, грамоталардың болуы міндетті).
7. Қатысушылардың тәлімгері - El Umiti Premiasy жобасының 2024 жылғы жеңімпаздары.
ПРЕМИЯҒА ҚАТЫСУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ
№ |
Кезең |
Анықтама |
Мерзімдер |
Қосымша |
1 |
Тіркелу |
Өтінімдер жоба сайтында жүзеге асады https://premia.elumiti.kz/ |
15 қыркүйек – 15 қараша (қоса алғанда) |
Өтінімге қоса жүктеледі: 1) мотивациялық бейнеролик – келесі тақырыпқа жауап: «Неліктен мен «El Úmiti Premiasy» қатысуға лайықтымын?» (1 минуттан аспау керек); 2) фото (қолайлы форматтар: PNG, JPG, JPEG, көлемі 5 МБ-тан аспауы тиіс); 3) соңғы екі жылдағы сертификаттар, дипломдар, мақтау қағаздары мен жетістіктерді бір файлға біріктіру (барлық сканерленген құжаттарды бір PDF файлға жинауды ұсынамыз). |
2 |
Іріктеу нәтижелері |
Нәтижелері жоба сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде жарияланады: @elumiti.kz, @elumiti_premiasy |
1 желтоқсаннан кешікпей |
Жоба қатысушылары анықталады және әр қатысушыға тәлімгер тағайындалады. |
3 |
Жеке даму жоспарын құру (ЖДЖ) |
Жоба қатысушысы жеке кабинетінде ЖДЖ құрып, тәлімгерге қабылдауға жібереді. |
2 желтоқсан – 15 желтоқсан |
Жеке даму жоспары кемінде 14 жолдан болу керек (әр бағыт бойынша кемінде 2 жол). Жоспарды өзгерту тек тәлімгердің келісімен іске асады. Тәлімгер жоспарды қабылдаған жағдайда ғана қатысушы жетістіктерін жүктей алады. |
4 |
I кезең |
Қатысушылар жоспар бойынша жұмыс жасайды және міндетті «Кәсіпкерлік ойлау мен медиа дағдыларын жетілдіру» оқыту курсын өтеді |
2 желтоқсан – 31 наурыз |
Әр жүктелген жетістік үшін қатысушы ұпайлар жинайды. Наурыз айында финалдық кезеңге жолдама алатын белсенді қатысушыларға іріктеу жүргізіледі. |
5 |
II кезең |
Қатысушылар курстан алған білімдері бойынша жеке жобалық жұмыстарын құрады. Финалды кезеңге қатысуға өтініш қалдырады. |
1 сәуір – 3 мамыр |
Жобалық жұмыс жеке, жұптық және топтық (3 қатысушыға дейін) болуы мүмкін. Өтініш қалдыру бойынша нұсқаманы жоба сайтында табуға болады. |
6 |
Финалдық кезеңге іріктеу нәтижелері |
Нәтижелері жоба сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде жарияланады: @elumiti.kz, @elumiti_premiasy |
4 мамыр – 15 мамыр |
Финалдық кезеңнің қатысушылар анықталады және жаздық лагерьге ТЕГІН жолдама алады. |
7 |
Финал |
Жобалық жұмысты қорғау жаздық лагерь аясында өтеді. Жеңімпаздар жоба қорғаудан соң, қазылар алқасының шешімі бойынша анықталатын болады. |
16 маусым – 25 маусым |
Қатысушылар жобаларын қорғауға презентацияларымен және қосымша безендірулерімен (қажет болған жағдайда) дайындалады. Финалға онлайн қосылу рұқсат етілмейді. |
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
8. I, II кезеңнен өткен қатысушыларға Финалист мәртебесі және тиісті сертификаттар беріледі.
9. Финалдық кезеңнің жеңімпаздарына Лауреат мәртебесі және дипломдар мен ақшалай сыйлыққа сертификаттар беріледі.
10. Жазғы лагерь аясында ұсынылған материалдарды бағалау және Премия қатысушыларын іріктеу жұмыстарын Ұйымдастырушы қалыптастырған қазылар алқасы жүзеге асырады.
11. Әр кезеңнің іріктеу қорытындысы бойынша апелляция қабылданбайды.
12. Премияға қатысу үшін ұсынылған материалдар қайтарылмайды.
13. Іріктеу нәтижелері ресми сайтта https://premia.elumiti.kz/ және жобаның әлеуметтік желілерінде жоғарыдағы кестеге сәйкес жарияланады.
ЛАУРЕАТТАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
14. Ұсынылған материалдарды бағалауды және Премия қатысушыларын анықтауды Ұйымдастырушы бекіткен байқаудың қазылар алқасы жүзеге асырады.
15. Жобаларды бағалаудың негізгі талаптарына:
16. Байқаудың қазылар алқасының шешімі сараптама комиссиясының отырысына қазылар алқасы құрамының кем дегенде жартысы қатысқан жағдайда қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Егер дауыс беру қорытындысы тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші дауыс болып саналады.
17. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.
18. Жобаларды қорғауға және марапаттау салтанатына қатысуға кететін барлық шығындарды лауреаттардың өздері өтейді.
ПРЕМИЯНЫ ТАҒАЙЫНДАУ
19. Премия жобаларды үздік қорғағаны үшін тағайындалады және білім беру мақсатында пайдалану үшін 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.
20. Ұйымдастырушы жыл сайын Премия көлемін (ақшалай сыйлық) тиісті қаржы жылына арналған «El Umiti» бастамасының жобаларын жүзеге асыруға арналған қаражат шеңберінде белгілейді.
21. Егер Премия топ жұмысына берілсе, қаражаты топ мүшелері арасында теңдей бөлінеді.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
22. Ұйымдастырушы осы Ережеге кез келген уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
23. Премияға қатысу Қатысушылардың осы Ережелермен толық келісетінін білдіреді, сондай-ақ Қатысушының дербес деректерін Ұйымдастырушының жинауына, сақтауына және өңдеуіне, бейне-сурет материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында және ғаламтор желісінде жариялауға келісім беретінін растайды. Келісім мерзімі Премияны өткізу уақыты мен аяқталғаннан кейінгі екі жылды қамтиды.