1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Аталмыш Порталдың (бұдан әрі - Портал) иесі – «EL ÜMITI» Корпоративтік қоры (бұдан әрі – Қор).
1.2. Портал пайдаланушысы Порталға қолжетімділік алған кез келген тұлға (бұдан әрі – Пайдаланушы) болып табылады.
1.3. Порталды пайдалана отырып, Пайдаланушы Порталға алғашқы кіргеннен бастап, дереу күшіне енетін төменде келтірілген шарттардың заңдық тұрғыдан міндетті түрде орындалуына келісім береді.
1.4. Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) жария оферта болып табылады. Порталдың материалдары мен Сервистеріне қол жеткізе отырып, Пайдаланушы осы Келісімге қосылды деп саналады.
1.5. Осы Келісім Портал әкімшілігі тарапынан кез келген уақытта қандай да бір арнайы ескертусіз толықтай немесе ішінара өзгертіле алады. Келісімнің жаңа редакциясы Порталға жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
2. ПОРТАЛҒА ЖАРИЯЛАНҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ
2.1. Портал материалдарын көшіруге, қайта басуға және ары қарай таратуға Қордың жазбаша келісімімен немесе дереккөзге белсенді гиперсілтемені міндетті түрде көрсеткен жағдайда рұқсат беріледі.
2.2. Порталдың фото және бейнематериалдарын пайдалану, оның ішінде көшіру, тарату немесе жариялау барысында міндетті түрде Қордың логотипі және ақпараттың алғашқы дереккөзі ретінде Порталға сілтеме көрсетілуі тиіс (Порталдың фото және бейнематериалдарындағы логотипті қиюға және өшіруге тыйым салынады).
2.3. Порталға жарияланған жаңалық хабарламасын, ақпаратты таратуға оны басқа редакцияда баяндаған (рерайт) жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте бастапқы материалға гиперсілтеме және таратылатын материалдың алғашқы абзацында «presidentfoundation.kz хабарлайды» деген анықтама міндетті түрде болуы тиіс.
2.4. Қордан Порталға жарияланған инфографиканы, фото, видео және аудиоматериалдарды пайдалануға жазбаша рұқсат алған жағдайда бұл материалдарды басқалай түзетуге тыйым салынады. Шағымыңыз болса, Порталдың әкімшілеріне немесе модераторларына жүгініңіз.
3. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
3.1. Пайдаланушылардың жеке деректерін жинау мен өңдеуді Қор да, оның Серіктестері де жүзеге асыра алады. Бұл ретте, Пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Пайдаланушы келісімін орындау, Пайдаланушыға Сервистерді ұсыну, оның ішінде оған Сервистерді пайдалануға қатысты хабарламаларды, ақпаратты жіберу, сондай-ақ Пайдаланушыдан сұрауларды өңдеу, Пайдаланушы келісіміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы Пайдаланушыны хабардар ету, ұсынылатын Сервистердің сапасын жақсарту, Пайдаланушыға дербестендірілген қызметтерді ұсынуды қоса алғанда, жаңа Сервистерді әзірлеу және ұсыну, Пайдаланушылардың жобалар мен конкурстарға қатысуы, сондай-ақ Қордың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы мақсатында жүзеге асырылады. Дербес деректерді жинау мен өңдеудің қосымша мақсаттары жекелеген Сервистерді пайдалану шеңберінде мәлімделуі мүмкін.
3.2. Портал Сервистерін пайдаланғанда Қор немесе Серіктес Пайдаланушы ұсынған деректерді, оның ішінде ұялы телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, ІР мекенжайды, геолокация туралы ақпаратты, іздеу сұрауларының тізбегін, кірулер күні мен уақытын, сондай-ақ қолжетімді “cookies”, браузер мен операциялық жүйе туралы ақпаратты, Аватор (Пайдаланушы жариялайтын сурет), пайдаланушы атауы, жынысы, туған күні, Пайдаланушының келісімі мен қолжетімділік құқықтарын растауы сияқты пайдаланушы ұсынатын деректерді, және жоғарыдағы 2.1 тармақта көрсетілген жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажет басқа деректерді жинай және өңдей алады.
3.3. Дербес деректер Пайдаланушы тарапынан толықтырыла алады. Мұнан басқа, Қор ашық дереккөздер арқылы немесе Қормен келісімшарттық қатынастар негізінде үшінші тұлғалардан Пайдаланушының Дербес деректерін толықтыра немесе нақтылай алады.
3.4. Дербес деректерді сақтауды Қор Қазақстан Республикасының аумағында Пайдаланушы келісімі бойынша оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзім бойы және қандай да бір қолданыстағы заңнамамен қысқалау мерзім белгіленбесе, аталмыш Пайдаланушы келісімінің қолданысы тоқтағаннан кейін үш жыл бойы жүзеге асырады.
3.5. Пайдаланушы Дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімін қайтарып ала алады. Келісімді қайтару Пайдаланушы келісімінің тоқтай тұруына немесе тоқтауына әкеп соғуы мүмкін. Келісімді қайтарып алу үшін Пайдаланушыға Пайдаланушы келісімінде көрсетілген Қор мекенжайына жазбаша өтініш беру қажет.
4. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
4.1. Пайдаланушылардың Дербес деректері құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.
4.2. Қор және оның Серіктестері заманауи технологиялар мен ішкі рәсімдерге ие және Дербес деректерді бөтен біреулердің қол сұғуынан, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, оны өзгертуден, ашып алудан немесе жоюдан қорғауға бағытталған барлық іс-қимылдарды жүзеге асырады. Қор өз Серіктестерінің әрқайсысымен ақпараттың, оның ішінде Пайдаланушылардың дербес деректерінің құпиялылығын көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нысанда шарттың болуын қамтамасыз етеді.
4.3. Сервистер Пайдаланушы мен Сервистер арасында интернет арқылы берілетін деректердің қорғанысын TLS v1.2 криптографиялық хаттамасын пайдалана отырып, қорғалған HTTPS хаттамасы арқылы қамтамасыз етеді.
4.4. Пайдаланушылардың Дербес деректеріне қолжетімділік тек Портал Әкімшілігіне өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін беріледі.
4.5. Қор мен Серіктестің барлық қызметкерлері және Дербес деректермен жұмыс жасайтын басқа да тұлғалар құпия ақпаратты жарияламау туралы міндеттемеге қол қояды, сонымен қатар Дербес деректерді өңдеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзған жағдайда, тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілді.
5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА БЕРУ
5.1. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
5.2. Пайдаланушы келісімін орындау және Портал Сервистерін пайдаланудың қолданушылық тәжірибесін жақсарту мақсатында Қор үлестес тұлғалар мен Серіктестерді де тарта отырып, Сервистердің жаңа функционалын (сервистер мен ақпараттық, білім беру, ойын-сауық және өзге де сипаттағы өнімдерді қоса алғанда) дамытады, жетілдіреді, оңтайландырады және енгізеді. Аталмыш мақсаттардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін Пайдаланушы Қордың қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып, Пайдаланушының Дербес деректерін, оның ішінде ондай деректерді автоматты түрде өңдеу нәтижелерін қосқанда, соның ішінде бүтін және/немесе мәтіндік мәндер және идентификаторлар түрінде өңдеуге, өңдеуге арналған мұндай келісімді орындау мақсатында оларды үлестес тұлғаларға және/немесе Серіктестерге беруге, оның ішінде трансшекаралық беруге рұқсат береді және келіседі.
5.3. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда Қор оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғау бойынша рұқсат етілген барлық шараларды қабылдайды және оларды осы Келісім мен Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді. Қор Пайдаланушылардың жеке өміріне қол сұғылмау құқығын қамтамасыз етеді және тиісінше ешқандай үшінші тұлғалар, соның ішінде Серіктестер, Пайдаланушылардың хат алмасуы туралы ақпарат алмайды.
5.4. Жоғарыдағы 4.1 – 4.3 тармақтардың ережелеріне қарамастан, Пайдаланушы өз деректерінің Интернет арқылы берілетінін түсінеді және Қор қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде үшінші тұлғалардың рұқсатсыз қол жеткізуі мүмкін Пайдаланушы беретін деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Осы тұрғыда деректерді бере отырып, Пайдаланушы өз бетімен тәуекелге бел буады және Қор деректердің немесе олардың бір бөлігінің тарап кетуі және Пайдаланушыға тиісті залалдың келуі үшін жауап бермейді.