Заманауи өмірдегі дәстүрдің ықпалы

Тарихын ұмытқан ұрпақ-тамырсыз ағаш
Менің жобам – ұрпақтың тарихи санасын ояту туралы.Бұл жобаны отбасымызбен ойлана келе құрдық.Барлығымыздың қалауымыз қазіргі жаһандық мәселе,яғни адамдардың өз тарихын ұмытуы туралы фильм түсіргіміз келді.Осы тұста фильмді ауданымыздағы тарихи орын,Ордабасы тауында түсіргіміз келді. Қазіргі заманда көптеген жас тарихқа жеткілікті мән бермейді. Телефон, әлеуметтік желі, ойындар – олардың назарын ұлттық құндылықтардан алыстатады. Бұл – қауіпті үрдіс, себебі тарихын білмеген ұрпақ тамырсыз ағаш секілді әлсіз болады. Сол себепті мен өз жобамды осы мәселені көтеруге арнадым. Қысқаметражды фильмде Махамбетовтар отбасындағы оқиға көрсетіледі. Әке балаларына Ордабасы тауы туралы кітап беріп, оқуға шақырады, бірақ олар мән бермей, уақытын телефон ойнауға жұмсайды. Әке ұрпағының тарихи санадан алыстап бара жатқанын сезіп, оларды Ордабасы тауына апарады. Сол жерде ол 1726 жылы қазақ халқының үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ел тағдырын шешкен тарихи бас қосуы жайлы тебірене әңгімелейді. Бұл оқиға балалардың жүрегіне жетіп, олардың көзқарасын өзгертеді. Үйге оралған соң балалар өз еркімен кітапты қолға алады.Осылайша балалардың тарихқа деген қызығушылығы ашылады.

Бағыт

Ұлттық мұра

Мақсат

Жоба тарихқа қызығушылықты арттыру арқылы сапалы білімнің ажырамас бөлігі – тарихи сауаттылықты дамытуды көздейді. Әлемде жастардың өз елінің тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын ұмыт қалдыруы – жаһандық мәселе. Бұл ұлттық бірліктің әлсіреуіне және мәдени әртүрліліктің жойылуына әкелуі мүмкін. Менің фильмімнің мақсаты-көрерменге тарихи сананың маңызын, бірлік пен татулықтың құндылығын жеткізіп, мәдени мұраны сақтау қажеттігін еске салады.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

OyOrda
Бір ой – мың жүрекке жол табады
Толығырақ
2 адам қолдау көрсетті
  • h
    hehhe
    Керемет
    Толығырақ
  • Махамбет Кәусар Серікқызы
    Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі,тамаша!
    Толығырақ
WhatsApp