Заманауи өмірдегі дәстүрдің ықпалы

Тіл мен мәдени болмыстың жоғалуы, өз тамырынан ұялу
Біздің жоба ата-бабамыздан қалған өсиет пен ұлттық мұраға арналды. Қазіргі заманда жастарымыз қазақы нақышты, ұлттық аспаптарымызды, дәстүріміз бен ойындарымызды ұмытып барады. Ең бастысы – тарихымыздың ұмытылуы алаңдатады. XXI ғасырда бұл – жиі кездесетін мәселелердің бірі. Бірі өз ана тілінен ұялса, енді бірі дәстүрдің маңызын түсінбейді. Бұл жобаны қолға алуымыздың себебі – осы мәселеге назар аударту. Егер біз өз ұлтымызды, тамырымызды ұмыта бастасақ, оны кім құрметтейді? Ата-бабаларымыздың біз үшін бастан өткерген қиындықтарын еске алып, қадірлемесек, оларды өзге кім қадірлейді? Ұрпақ пен өткеннің байланысын үзбеу – болашақтың берік болуының кепілі. Біздің тарихымыз тек оқулықтардағы деректерден тұрмайды, ол – әжелеріміздің ертегісінде, аталарымыздың айтқан өсиетінде, көне домбыраның шанағынан төгілген күйде, ұлттық киімнің ою-өрнегінде, дастарқан басындағы салтта жатыр. Өкінішке қарай, қазіргі технология дәуірінде бұл байлықтың бір бөлігі елеусіз қалып, жастардың санасынан алыстап барады. Біз бұл жоба арқылы сол алшақтаған рухани қазынаны қайтадан жүректерге жақындатуды мақсат етеміз. Ұлттық мұраны сақтау – өткенді қайталау емес, оны жаңа заманға бейімдеп, жас ұрпаққа үлгі ету. Біз өз тарихымызды құрметтесек, өзге халық та бізге құрметпен қарайды. Сондықтан да, бұл жоба – тек мәдени шара ғана емес, болашаққа жол ашатын рухани көпір.

Бағыт

Ұлттық мұра

Мақсат

Қазақ халқының тарихын, тілін, дәстүрін, ұлттық өнерін ұмыттырмау.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

JaSTAR
JaSTAR әрқашан алда, Болашақ біздің қолда!
Толығырақ
1 адам қолдау көрсетті
WhatsApp