Біз қасыңдамыз: айналадағы адамдар мен табиғатқа қамқорлық
Қоғам ұмытқан адамдар: Қарттар үйі
Біз кәрілік туралы сирек ойланамыз. Ал қарттар үйі жайлы одан да сирек. Біз ол жерге ешқашан түспейміз деп ойлаймыз, бұл бөтеннің тағдыры сияқты көрінеді. Бірақ бір күні мен түсіндім: дәл сол жерде бір кезде біреудің ата-анасы, досы, ұстазы болған адамдар өмір сүреді — ал қазір қоғам ұмытқан үнсіздікте қалып отыр.
Менің фильмім — жай ғана оқиға емес. Бұл — тағдырлар мозаикасы. Мен шынайылықты боямасыз көрсету және сезімнің тереңдігін жеткізу үшін драманы деректі фильм элементтерімен ұштауды таңдадым.Әр кадр мен сахна, дыбыс пен сөздер мағынаға толы қылып жасадым.Мен көрермен тек көрсін деп қана емес -түсінсін,ойлансын деген оймын түсірдім.
Бір ай бойы мен бұл тақырыпқа толық кірістім: қарттар үйінің директоры мен сөйлесіп, тұрғындарымен әңгімелесіп, олардың оқиғаларын тыңдадым. Барлығын сол қалпында — жалған жылтырсыз, боямасыз көрсетуге шешім қабылдадым. Камера мен үшін жай ғана құрал емес, олар мен көрерменнің арасындағы көпірге айналды.
Бұл — менің медиа мен кинематография саласындағы алғашқы тәжірибем. Мен түсірілім жасауды, жарықпен жұмыс істеуді, кадрды құруды үйрендім, бірақ ең бастысы — тыңдауды үйрендім. Әр кездесу үнсіз айтылатын тақырыптың жаңа қырын ашты.
Мен бұл фильм көрерменге еске салу үшін жасалды деп сенемін: кәрілік — соңы емес, біздің ортақ тарихымыздың бір бөлігі. Біз үнсіз жүргенде, қарттар үйінде біреудің ұмыт қалған өмірінің күнтізбесі үнсіз, бірақ тоқтаусыз өтіп жатыр.
Мақсат
Жобаның мақсаты — Қарт адамдардың жалғыздық мәселесіне қоғам назарын аудару, ата-ананы қадірлеу сезімін ояту, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту және қарттарға қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру.
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ
ÚSHQYN
Бір ұшқын-мың жүрекке жетеді
Толығырақ