Арман және оған апарар жол

Арман жолы
Бұл фильм өмірде адамға таңдау жасауға тура келетін сәттің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Басты кейіпкер Елжанға кәсіби футбол командасына қосылу мүмкіндігі ұсынылады. Достары оның қабілетіне күмән келтірсе де, ол өз арманына адал болу мен қорқынышты жеңу арасында күрделі шешім қабылдайды. Елжанның түсінде көрген екі түрлі өмір жолы — фильмнің негізгі метафорасы. Бір жол — сүймеген іс, ішкі қанағатсыздық пен бақытсыздық, ал екінші жол — арманы орындалып, сүйікті ісімен айналысып жүрген бақытты өмір. Бұл тақырыпты таңдау себебіміз — көптеген адамдардың, әсіресе жастардың, өз болашағына қатысты шешім қабылдарда қоғам, ата-ана немесе достар пікіріне тәуелді болуы. Біз бұл фильм арқылы көрермендерді өз жүрек қалауына сенуге, тәуекел етуге және өз жолын батыл таңдауға шақырғымыз келді. Түсірілім кезінде біз актерлермен жұмыс істеуді, диалогтарды шынайы жеткізуді, көріністің сезімін дұрыс беруді үйрендік. Кейіпкердің ішкі толғанысын және шешім қабылдаудағы екі ойлы күйін көрсету біз үшін маңызды болды. Орманда, футбол алаңында түсіргенде ауа райы, сыртқы шу, уақытты тиімді пайдалану сияқты қиындықтар кездесті. Бірақ біз осылардың бәріне қарамастан, жұмысты ойдағыдай аяқтадық

Бағыт

Meta-Skills: машық пен дағды

Мақсат

Бұл жобаның мақсаты – өмірде маңызды шешім қабылдарда адамның өз жүрек қалауына және арманына адал болу керектігін көрсету. Көп жағдайда бізге ата-анамыз, достарымыз немесе қоғам өз жолын ұсынады, бірақ шынайы бақыт тек өзіміз қалаған істі таңдағанда келеді. Фильм көрерменді қорқыныш пен күмәнге берілмей, мүмкіндікті дер кезінде пайдаланып, сүйікті ісімен айналысуға шабыттандырады.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

SHYN
No limits, no stop, Шыңға жет — be on top!
Толығырақ
0 адам қолдау көрсетті
WhatsApp