Біз қасыңдамыз: айналадағы адамдар мен табиғатқа қамқорлық

Ажырамас дочтық
Біз бұл жобада «Бірге болсақ – биік белестерді бағындырамыз» деген идеяны ұстандық. Бұл біздің жұмыстың өзегі, шабыттың бастауы болды.Бұл тақырыпты таңдаған себебіміз – бірлік пен достықтың маңызын көрсету, адамдарды білімге және дамуға шақыру, сондай-ақ Ел үмітіндегі 7 бағытты қамту. Біздің көзқарасымызша, бірліктің бастауы – шынайы достықтан туындайды. Ал шынайы достық өзара сенімге, сыйластыққа және қиындықта да, қуанышта да бірге болуға негізделеді. Біз қамтыған Ел үмітіндегі 7 бағыт тек қағаздағы мақсаттар ғана емес, әр адамның өміріне тікелей әсер ететін, қоғамның дамуына жол ашатын маңызды салалар екенін түсіндік.Жобадағы басты бейнелердің бірі – Алина мен Инабат. Алина мен Инабат әрдайым бір-біріне қолдау көрсетеді, пікір алмасады, кез келген істі бірге атқарады. Олардың достығы – бір-бірін жарты жолда қалдырмайтын, әр сәтте қуаныш пен қайғыны бөлісетін шынайы қарым-қатынастың айқын көрінісі. Жұмыс барысында біз үшін ең үлкен қиындық – петличка микрофонының болмауы ғана болды. Бұл түсірілімде дыбыс сапасын сәл төмендеткенімен, біздің ынтамызды сөндірген жоқ. Қалғанының бәрі қиындықсыз өтті. Әрине, кішігірім монтаж жұмыстары кейде уақытты алды, бірақ ол да шығармашылық процестің бір бөлігі болды. Шағын қиындықтарға қарамастан, жұмыс барысы бізге үлкен тәжірибе сыйлады. Біздің жобамыз – достық, бірлік және білімге ұмтылудың үйлесімді үйлесімі.

Бағыт

Meta-Skills: машық пен дағды

Мақсат

Біздің жобамыздың негізгі жаһандық мақсаты – адамдарды білім алуға, дамуға ынталандыру және бірлік пен достық арқылы қоғамды нығайту.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

QosSham
«Біз жарықпыз - бір-бірімізге де, әлемге де!»
Толығырақ
12 адам қолдау көрсетті
  • S
    ШРЕККК
    Вауууу пряммммм күшті!!! Үйімде диванда жатқам осы киноны көріп көзіме жас келді Нуууу суперррррр Тек алға қыздарики
    Толығырақ
  • Z
    Зарина
    Молодееец.Биіктерден көріне беріңдер!
    Толығырақ
  • K
    Қарақат
    Уау өте мағыналы.Инабат Алина жарайсыңдар!достықтарың мәңгі болсын жандарыыыым!
    Толығырақ
  • B
    Бекарыс
    Жарайсыңдар қыздар молодцы
    Толығырақ
  • A
    Айгүл
    Керемет түсіргенсіңдер .Инабат Алина тек қана алға!
    Толығырақ
  • d
    Әділхан
    Өте әсерлі екен
    Толығырақ
  • N
    Нұржамал
    Өте Керемет!Инабат Алина тек қана алға!!!
    Толығырақ
  • d
    Әділхан
    Өте керемет тек қана алға
    Толығырақ
  • A
    Алихан
    Жарайсың кино көңілді,жағымдырақ,мағыналы болып шыққан
    Толығырақ
WhatsApp