Арман және оған апарар жол
Болашақ маманның қалыптасу тарихы
Жоба COVID-19 індетінің бүкіл әлемге таралған кезеңін және сол уақытта Қазақстан медицинасының әлсіз тұстарын ашып көрсетеді.
Пандемия кезінде медициналық жүйенің дайын еместігі, дәрігерлердің біліктілігінің жетіспеушілігі мен қажетті жағдайлардың жасалмауы көптеген адамдардың өміріне әсер етті.
Бұл жағдайды көзімен көрген жас кейіпкер қоғамдағы өзгеріске өз үлесін қосқысы келеді. Оның мақсаты – білікті, адал әрі нағыз кәсіби маман болу.
Фильмде Алиярдың арманына жету жолындағы күресі, кездескен қиындықтары және сол қиындықтарды еңсеру арқылы рухани және кәсіби тұрғыда өсуі бейнеленеді.
Жоба көрерменді мақсатқа ұмтылу, қиындыққа мойымау және мамандыққа адал болу сынды құндылықтарға шабыттандыруды көздейді. Сондай-ақ, ол жастарды өз саласында үздік болуға, елге пайда әкелуге және арманын жүзеге асыру үшін табандылықпен еңбек етуге шақырады.
Бұл жоба – арманына адал, мақсатқа жету жолында табандылық танытқан жастың хикаясы. Ол көрерменді еңбектенуге, өз мамандығын шын жүректен таңдауға және елге қызмет етуге үндейді.
Бағыт
Өзін кәсіби маман ретінде айқындау
Мақсат
Бұл фильм арқылы көрерменге мамандық таңдаудағы саналы қадамның, мақсат жолында кездесетін қиындықтарға төтеп берудің және өз ісінің шынайы шебері болудың маңызын жеткізу. Сондай-ақ, медицина саласына қызығушылық танытқан жастарды шабыттандырып, арманға жету үшін табандылық пен еңбектің қажет екенін көрсету.
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ
7SK PRODUCTION
Өнерімізбен өзгеріс жасаймыз!
Толығырақ