Цифрлық әлемдегі технологиялар және мен

Basta!
Менің жобам – бұл жас баланың жанарындағы оты жалғыздығының әсерінен жанбай, керісінше сөніп баруы жайлы. Қазіргі таңда 8% адам ғана Жаңа-жылда қойған өз мақсатына қол жеткізе алған. Біздің мақсатымыз, жастарды білімге шақырып, бөлмесінің сыртындағы өмірге де араласуына, оның қызығын көрсетуге және әлгінде аталған 8%дың қатарына қосылуды насихаттауға негізделген. “Basta!” қысқаметражды фильмінің сюжеті “Жаңа-жыл” мейрамы бойынша өрбіді. Менің нақты бұл мерекені таңдауым, кішкентай күнімнен отбасымызбен “Жаңа-жыл” мерекесін атап өтіп, блакнотқа әркім жыл бойғы өз мақсатын жазып, сол мақсатқа жету жолында жұмыс істеуі себеп болды. Фильмдегі басты кейіпкер ретінде менің досым Сағидолла ойнады. Сағидолла өзі дәл фильмдегідей сюжетті бастан кешкен бала. Биылғы жылғы жаңа жылда оның ойлары мен толғамы, өмірге деген көзқарасы өз достарының арқасында өзгерді. Мен мобилограф емеспін, лагерьгеде бармадым. Бұндай жобаны алып шығу тәжірибесіз маған қатты оңайға соға қоймады. Түптеп келгенде бәрімізге берілген мүмкіндіктің жауабы болуы керек. Сол үшін де қазақ жастары ертеңге салмай, бүгін, тап қазір жазып отырған 23:39 деген уақытымда ертеңін ойлап, алға қарай жылжуы қажет.

Бағыт

Ұлттық мұра

Мақсат

біз жастардың өмірге көзқарасын өзгерткіміз келді. Егер біреу-міреуге фильм ғана емес, осы жазғаным да қызық болып оқып отырған болса – маған орын да, ақша да маңызды емес. Премия тоқтаса да, мақсатым – елге қызмет ету. Ертеңімізді өзіміз ойламасақ, оны ешкім біз үшін жасамайды. Бірер ғасыр бұрын қазақ жастары сапалы білім ала алмады. Бүгінгі жастар ел үмітін ақтауы тиіс. Баста, жастар! Баста, қазақ!

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

Sardar
«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» (Әлихан Бөкейханов)
Толығырақ
0 адам қолдау көрсетті
WhatsApp