Один день из жизни подростка

Болашаққа апарар алғашқы қадам.
«Bir qadam» — бұл күнделікті көптеген жасөспірімнің өмірінде кездесетін шынайы жағдай: болашаққа деген алғашқы қадам жасаудағы қорқыныш пен істі кейінге қалдыру әдеті, яғни прокрастинация. Бұл тақырыпты таңдауыма менің жеке тәжірибем түрткі болды, себебі дәл қазір өзім осы сезімдерді бастан кешіп жүрмін. Болашақ туралы ойлағанда, бір жағынан, үлкен арман мен жоспарлар шабыт берсе, екінші жағынан, белгісіздік пен сенімсіздік қадам жасауға кедергі келтіреді. Фильмді түсіру барысында тәжірибемнің жеткіліксіздігі анық сезілді: кадр, жарық, эмоция — бәрін өз бетімше үйренуге тура келді. Дегенмен бұл қиындықтар маған тек күш беріп, мақсатымды айқындай түсті. Мен осы фильм арқылы өзімнің ғана емес, мыңдаған жасөспірімнің ішкі күйін жеткізгім келді. Ең бастысы — жоғарғы сынып оқушыларына өз мысалым арқылы болашаққа алғашқы қадам жасаудағы қорқынышты жеңуге және істі ертеңге қалдырмай, дәл бүгін бастауға шабыт беру. Соңында айтарым: бұл фильм тек менің ғана емес, мыңдаған жасөспірімнің ішкі даусы. Біз бәрімізде арман бар, бірақ оған жету үшін бізге тек бір нәрсе керек — бүгінгі қадам. Ертең емес, бір аптадан кейін емес, дәл қазір. Себебі бүгін жасалған қадам — ертеңгі үлкен өзгерістің бастауы.

Направление

Профессиональное самоопределение

Цель

Жоғарғы сынып оқушыларына өз мысалыммен болашаққа бірінші қадам жасаудағы қорқынышты жеңуге көмектесу.

Паспорт проекта

Сценарий

Видео проекта

Команда

Bir qadam
Сен өз жолыңның авторысың.
Подробнее
0 человек поддержало
WhatsApp