Арман және оған апарар жол

Арманға балл керек пе?
Әр баланың арманын тыңдап,өз жолын табуына мүмкіндік берген қоғам ғана ел болашағын көтереді. Кино да жүрегінде үні бар, бірақ айтуға қорқатын жастардың ішкі әлемін жеткізуге тырыстым. Кішкентай кезімде жаңалықтардан ЕНТ-дан кейін немесе өз жолын таба алмағандықтан өмірімен қоштасқан жастарды көргенде, олардың үнсіздігінің себебін түсінгім келді. Жастардың суицид жасайтынын естігенде,қатты ойға беріліп кеттім.Оқиғаның сценарийын ойдан құрау мүмкін емес еді. Достарымнан ата-аналарымен болған шынайы әңгімелерін тыңдадым біреуі ренішпен, біреуі күліп айтты. Әр сөздің артында бір тағдыр жатқанын сезіп, сол сәттерді Маликаның тарихына айналдырдым. Қоғам стереотипі,ата ана қысымы,бала қорқанышы-осылардың бәрін бір сценарийге сыйдыру мен үшін сын болды.Қиындықтарға келсек,мектеп локациясын түсіру қиын болды,мектебімде капитальный ремонт жүріп жатқандықтан,кітап оқуға баратын Ұлттық Кітапхана РК-ға барып, ұзақ келісімнен кейін түсіруге рұқсат алдым. Актерларды дайындауға 3 күн кетті. Олар өздерінің осылай рөл ойнай алатындарына сенбеген еді.Осы жоба арқылы тек мен емес,менің сыныптастарым да жаңа қырларынан танылды.Түсірілім кезінде негізгі жарық беретін лампа сынып қалды,ал Астананың жаңбырлы күнінде парктағы түсірілімде телефонымды жоғалтып, бірнеше сағат іздеп, полициядан таптым. Барлық қиындыққа қарамастан, бұл фильм – отбасылық диалогты жаңа деңгейге шығарып, әр адамның дауысы естілетін қоғамға үндеу.Өз-өзіңді іздеу жас талғамайды.Әр жүрек өз үнін таппайынша, тынышталмайды.

Бағыт

Оқуға құштар ұлт

Мақсат

Әр адамның өз жолын еркін табуына жағдай жасап, отбасы ішіндегі тыңдау мен құрмет мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп,білім мен мамандық таңдау барысындағы ескі стереотиптерді бұзып, әр жүректің даралығын бағалайтын, шығармашылық әлеуетін толық аша алатын, еркін әрі саналы ұрпақ қалыптастыру

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

Kezeñ
Kezeñ – күрес, жол, сенім, Жазам жанмен әр кезің
Толығырақ
10 адам қолдау көрсетті
  • M
    Малика
    Өте актуалды тақырып қозғалған .Видеоның монтажы мен актерлык ойын керемеет .Өте әсерлі бейнежазба дей аламын
    Толығырақ
  • S
    Самал
    Айхона молодец, күшті тақырып. Каждый подросток кору керек. Ата аналарга сабак болсвн. Сьемка монтаж бары кинодагыдпй
    Толығырақ
  • H
    Хан
    Проект произвёл сильное впечатление. Тема мечты и поиска себя всегда будет актуальной, особенно сейчас, когда многие молодые люди сталкиваются с трудностями и не знают, куда двигаться. Здесь всё показано честно, эмоционально и очень красиво. Каждый кадр цепляет, а смысл заставляет задуматься о важном. Уверен что этот проект сможет вдохновить, поддержать и, возможно, спасти кого-то от неправильного шага.
    Толығырақ
  • D
    Дина
    Саттылык! Унады честно этот проект очень важен в наше время. Сейчас многие молодые люди теряются, не могут найти себя и даже доходят до крайних шагов. Здесь поднимаются настоящие, жизненные проблемы, и показано, что всегда есть выход, есть люди, готовые помочь. Красиво подана идея, трогательно и вдохновляюще. Уверена, что этот проект действительно сможет изменить жизни и подарить надежду тем, кто в ней нуждается.
    Толығырақ
  • K
    Клара
    Многие сейчас запутаны и даже решаются на суицид. Но этот проект реально даёт надежду.
    Толығырақ
  • D
    Диас
    Соз жок! Букыл эмоцияны кордым гой. Ещё оператор Айха молодец. Кадымгы кино гой
    Толығырақ
  • S
    Сырым
    Победа твоя ты все сможешь ❤️
    Толығырақ
  • A
    Алихан
    Еее как из казахского фильма просто прекрасно.
    Толығырақ
  • A
    Али
    Молодец актуальная тема
    Толығырақ
WhatsApp