Біз қасыңдамыз: айналадағы адамдар мен табиғатқа қамқорлық
Табиғат және өркениет
Бұл жоба экология тақырыбына арналған маңызды видео. Онда тұрмыстық қалдықтар, су және ауа ластануы мәселелері жан-жақты қарастырылады. Мен бір жыл бойы осы тақырыпты зерттеп, оның адам өмірі мен табиғат үшін қаншалықты маңызды екенін терең түсіндім. Сондықтан табиғатты қорғау туралы видео түсіруге шешім қабылдадым. Бұл мәселе бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі болып табылады, өйткені табиғаттың деградациясы адамзаттың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді.
Түсірілім кезінде бірнеше қиындықтарға тап болдым. Біріншіден, камераның сапасы төмен болды, сондықтан кей кадрлар анық емес және сапасыз түсірілді. Бұл видеоны өңдеу кезінде қиындықтар туғызды және бірнеше кадрларды қайта түсіруге мәжбүр етті. Екіншіден, уақытты дұрыс жоспарламау да үлкен кедергі болды. Түсірілім мен монтажға бөлінген уақыт жеткіліксіз болып, кей сәттерде жұмысты асығыс аяқтау керек болды.
Бұл видео арқылы мен көрермендерді экология мәселелеріне назар аударуға шақырамын. Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті және кішігірім қадамдар да үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін. Мысалы, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау, суды үнемдеу және көлікті аз пайдалану сияқты қарапайым әрекеттер қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі.
Бағыт
Экологиялық мәдениет, туризм
Мақсат
Бұл жобаның басты мақсаты — экология мәселесіне назар аударту, көрермендерді табиғатты қорғауға шақыру. Тұрмыстық қалдықтар, су және ауа ластануы сияқты өзекті мәселелерді көрсету арқылы адамдардың экологиялық санасын арттыру. Сонымен қатар, жоба қарапайым, бірақ тиімді қоршаған ортаны қорғау әдістерін ұсына отырып, әркімнің кішкентай қадамы үлкен өзгеріс әкелетінін жеткізуге бағытталған
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ
TERRA TEARS
Біздің әлем-біздің әрекетіміз арқылы өзгереді.
Толығырақ