Арман және оған апарар жол

Ең қымбат сый
Менің жобам – жасөспірім қыздың өміріндегі күрт өзгерісті бейнелейтін қысқаметражды фильм. Фильмнің басты идеясы – кітаптың адам өміріне тигізер оң әсерін, оның жеке тұлғаның қалыптасуына, ой-өрісінің кеңеюіне, болашағына тигізетін ықпалын көрсету. Оқиға желісінде басында мүлде кітап оқымайтын, әдебиетке қызықпайтын, тіпті мотивациялық хат жаза алмай қиналатын жасөспірімнің бір кездейсоқ сәттен кейін кітапқа деген құштарлығы оянып, сол арқылы өмірінде үлкен жетістіктерге жетуі суреттеледі. Бұл – білімнің тек қана академиялық табыс үшін ғана емес, өмірлік мақсаттарға жету жолындағы негізгі құрал екенін насихаттайтын туынды. Соңғы жылдары жасөспірімдер арасында кітап оқуға деген қызығушылықтың айтарлықтай төмендеп кеткенін байқауға болады. Көп жағдайда олар бос уақытын әлеуметтік желілерде немесе компьютерлік ойындарда өткізеді. Бұл үрдіс оқу үлгерімінің төмендеуіне, сөздік қордың азаюына, ойлау қабілетінің шектелуіне әкеледі. Өз жобам арқылы мен осы мәселені көтеріп, көрерменге кітаптың шынайы құндылығын, оның адам өмірін түбегейлі өзгерте алатын күшін жеткізгім келді. Фильмдегі басты кейіпкердің бастан кешкендері арқылы көрермен өзін немесе таныстарын тануы мүмкін. Бұл – кітап оқу дағдысын қайта қалыптастыруға түрткі болатын эмоционалды әрі мотивациялық әңгіме.

Бағыт

Оқуға құштар ұлт

Мақсат

Жобаның мақсаты қандай? Менің жобамның мақсаты - жасөспірімдерді кітап оқуға шабыттандырып, білімнің ең қымбат сыйлық екенін, оқудың жеке табыстың негізі екенін көрсету және кітап оқуға деген қызығушылығын жоғалтқан жастарға оны қайта оятуға көмектесу.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

ATE That
Тәуекел етемін - қорықпай қадам басам, Биікке жетемін - тоқтамай, алға асам. Өзгеден емес, өзімнен үміт күтем, Елімнің ертеңі ғана емес, мына бүгіні - мен!
Толығырақ
0 адам қолдау көрсетті
WhatsApp