Жасөспірімнің бір күні
ҰБТ балын емес,өзіңнің бағыңды жоғалтпа!
Бұл тақырыпты таңдауыма себеп – ҰБТ-ның көптеген жасөспірімнің өмірінде шамадан тыс маңызға ие болып кетуі. Көптеген оқушылар үшін бұл тек емтихан емес, өмірдің бағасы мен болашағын анықтайтын жалғыз өлшем секілді сезіледі. Мен фильм арқылы бұл ойды бұзып, ҰБТ –тек бір өткел екенін, ал адамның өз болмысын табуы, ішкі еркіндігі мен сенімі әлдеқайда маңызды екенін жеткізгім келді.Жоба барысында ең күрделі сәт – жасөспірімнің ішкі күйзелісін шынайы әрі әсерлі етіп көрсету болды.Кейіпкердің қорқынышы мен үмітін, қоғам мен ата-ананың қысымын көрерменге өткізу үшін диалогтар мен ішкі монологтарды бірнеше рет қайта жаздым.Сондай-ақ, түсірілім кезінде эмоцияның шынайылығын жоғалтпай, кадр атмосферасын табиғи сақтау да өз алдына қиындық тудырды.Фильм қысқаметражды форматта жасалды.Себебі берілген тапсырма форматы белгілі болғаннан кейін, ойымды сол шеңберде тез жинап, іске кірісіп кеттім. Қысқа форма көрерменнің назарын ұстап тұрып, қажетті ойды ықшам әрі әсерлі жеткізуге мүмкіндік береді.Қазіргі Қазақстанда мыңдаған жасөспірімдер ҰБТ алдында қатты психологиялық қысым көреді.Бұл тек шаршау мен уайым емес-кейбірі күйзеліс, ұйқысыздық, өз-өзіне сенбеу,қорқыныш, тіпті суицидке дейін баруы мүмкін. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар туралы көп айтылмайды.Мен бұл фильмде Дариға образы арқылы барлық қазақстандық оқушының ішкі жанайқайын жеткізгім келді.Ол – нақты бір адам ғана емес, елдің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған оқушының бейнесі: арманы бар,бірақ қысым мен қорқынышпен күресіп жүрген жас.
Бағыт
Meta-Skills: машық пен дағды
Мақсат
Бұл жобаның мақсаты – ҰБТ-ны өмірдің басты шешуші сәті ретінде қабылдамауға шақыру, жасөспірімдерді артық психологиялық қысымнан қорғау және оларға өз жолын, шынайы қызығушылығын табудың маңызды екенін көрсету. Фильм арқылы мен әрбір оқушыға мына ойларды жеткізгім келеді: “Өмір бір параққа сыймайды. Тест – тек бір беті ғана.” “ҰБТ – өмірдің картасындағы нүкте ғана, ал жолды жүрегің сызады.” “Баға – сандарда, бірақ өмірдің мәні – таңдауларда.” “Сынақтар өтеді, ал сенің кім екенің – қалады.”
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ
SOLO NEXUS
Дара жол. Дара күш. Solo Nexus
Толығырақ