Біз қасыңдамыз: айналадағы адамдар мен табиғатқа қамқорлық

“Инклюзия және “ерекше” жандарды қабылдау”
Менің жобам - “ерекше” адамдар мен қоғам арасындағы байланыс жайлы. Ерекше адамды байқағанымызда, “мүмкіндігі шектеулі” жан деп айтады. Алайда, олардың мүмкіндігі шексіз. Олар да армандайды. Күледі. Қуанады. Бірақ біздің қоғам мен әлем осындай жандарды толық қабылдауға дағдыланбаған,тіпті,дайын емес. Қарапайым ауладан көре қалса, оғаш көзқараспен қарап, сын айтатындар да бар. Бірі болмаса, енді бірі күнделікті күнде қайталанатыны да белгілі. Ең алдымен, адам түзелмек керек. Әрбіріміз ерекше жанның кез-келгенін қабылдап, ортаға қоссақ, тұтас қоғам, ұлт та өзгерері анық. Осындай жандардың ішкі әлеміне құлақ түрсек ше? Олардың жүрегінде алпауыт күш, тұнық талант болуы мүмкін. Ұмытпауымыз керек - олар да біз секілді қарапайым, өмір сүруге құлшынысы мол, әр уақыттан ләззат ала білетін қоғамның бөлігі. Бір шаңырақ, бір аспан астында бәріміз де тең болуымыз шарт қой. Демек, мұндай жандар бізден не қоғамнан артта еш қалған жоқ, олар ілгері жылжып келеді. Жобам арқылы көпшілікке “ерекше” жандардың мүмкіндігі шексіз, шабыты шектен тыс екенін жеткізгім келді.

Бағыт

Еріктілік

Мақсат

Жоба мақсаты - бір кейіпкер арқылы адамның ішкі әлемін, түйсігін, сезімі мен сырын жеткізу, “ерекше” адамдардың да өзіндік тұлғалық қасиеті, қоғамда орны бар екенін ұғындыру. Қоғамды “ерекше” адамдарды қабылдауға шақыра отырып, мейірім мен бірлікке толы әлем құру - негізгі мақсат, жоспарым.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

Jaryq
Шектен тыс шабыт - шексіз мүмкіндік
Толығырақ
0 адам қолдау көрсетті
WhatsApp