Біз қасыңдамыз: айналадағы адамдар мен табиғатқа қамқорлық

Инклюзия және ерекше жандарды қолдау
Менің жобам Инклюзия және ерекше жандарды қолдау.Мен осы тақырыпты әрқаган қозғағым келетін.Себебі бұл тақырып маған ауыр және ерекше.Осы тақырыпты елеп қосқандарыңыз үшін Ел үміті қорына алғыс айтамын.Менің туған інімнің ерекшелігі бар.Сол үшін қоғамның ондай адамдарға көзқарасы қандай екенін жақсы білемін.Маған ауыр тақырып болғанымен осыны таңдауға кірістім.Түсірілім кезінде маған оңалту орталықтарын табу қиынға соқты.30 дан аса орталық келісім бермей,жауап бермей орталық табу біраз қиынға соқты.Одан бөлек диагнозы бар балалармен жұмыс жасау,оларды видеоға түсіру біраз қиынға соқты.Менде бұндай тәжірибе бірінші рет болғандықтан монтажда қиын болды.Ерекше жандарды қолдау – бұл тек жеке адамдарға көмек беру емес, бүкіл қоғамның дамуы мен мәдениетінің көрсеткіші. Мұндай қолдау арқылы біз әр адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғаймыз, олардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береміз. Ерекше жандардың білім алуы, жұмыс істеуі және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуы – қоғамды байытады, жаңа идеялар мен мүмкіндіктер әкеледі. Сонымен бірге, бұл үрдіс мейірімділік, түсіністік және төзімділік мәдениетін қалыптастырады, әр адамның өзін қауіпсіз әрі бағалы сезінуіне жағдай жасайды.

Бағыт

Meta-Skills: машық пен дағды

Мақсат

Қәзіргі қоғамдағы адамдардың ерекше жандарға деген көзқараcын өзгерту.Әлем ерекше жандарды қабылдауы қажет,

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

TengBiz
Көр,түсін,қабылда......!
Толығырақ
0 адам қолдау көрсетті
WhatsApp