Цифрлық әлемдегі технологиялар және мен

Әлеуметтік желілер мен гаджеттерге тәуелділік
Адамзат қазір технократия заманында өмір сүріп жатыр. Гаджеттер – біздің он үшінші мүшемізге айналғалы қашан. Әрине, заман көшінен қалмай, озық технологияны қажетімізге жаратып жатсақ, ол айып емес. Смартфондағы пайдалы функцияларды қолданып, тіл үйреніп, түрлі курстарға қатысып, онлайн жұмыстарын бітіріп, табыс тауып жатқандар аз емес. Өкінішке орай цифрлық әлем дәл қазір жас талғамай барлығының уақытын ұрлап жатыр. Жас та, жасамыс та смартфондағы түрлі әлеуметтік желінің тұрақты тұтынушысына айналған. Бір отбасының мүшелері бір-бірімен тілдесуден қалды. Бірге уақыт өткізу, жұмыла бір жұмысты атқару да қазір ең қат дүниеге айналды. Өйткені бос уақыт болса телефонға шұқшияды. Телефонға тәуелділер тикток, инстаграм, ютуб сияқы желілерден қысқа әрі мағынасыз роликтерді көреді. Дәрігерлер мұндай видеолар жас балалардың дамуын тежеп жатыр деп дабыл қағуда. Цифрлық тәуелділіктен арылмай, біз сапалы ұлт болып қалыптаса алмаймыз. Сол себепті цифрлық әлемдегі технологияларды дұрыс пайдаланып, әлеуметтік желілерге тәуелді болмай, өз пайдамызға жаратуды жастар арасынан трендке айналдыру керек. Фильм осы тәуелділіктен құтқару жолын қарастырып, тәуелділіктен бірге шығар жолды іздеу туралы

Бағыт

Оқуға құштар ұлт

Мақсат

Жаңа заман жаңа дәуір бізге ғылымның неше атасы өндірген неше түрлі құндылықтар әлемін ашты. Осы цифрлық әлемдегі технологияларды дұрыс пайдаланып, әлеуметтік желілерге тәуелді болмай, өз пайдамызға жаратуды жастар арасында трендке айналдыру

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

IZDEN
Талаптан да білім мен өнер үйрен...
Толығырақ
0 адам қолдау көрсетті
WhatsApp