Арман және оған апарар жол

Қателесіп, “дұрыс емес” таңдау жасаудан қорқу
Сценарийде оқиға кері хронологияда өрбиді: финалдағы хаос сахнасынан бастап, негізгі оқиғаларға оралады. Фильм барысында басты кейіпкердің достарымен және өз ойымен күресі көрсетіледі. Әр сахна кейіпкердің ішкі күйзелісін ашуға бағытталған. Жоба командасының мақсаты — көрерменге терең ой салу және жастар арасында болашақты саналы жоспарлауға түрткі болу. Фильм постпродакшн кезеңінде өңделіп, дыбыстық эффектілер мен түстік коррекция қосылды. Жоба — жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауын үнемі «ертеңге қалдыруы» және соның салдарынан мүмкіндіктерін жоғалтуы туралы. Фильмде оның достарымен, ата-анасымен әңгімелері, ішкі ойлары және хаосқа толы сезімдері кері хронологияда көрсетіледі. Символ ретінде жабылып жатқан есіктер — жіберіп алған мүмкіндіктерін бейнелейді. Фильмнің әр сахнасы — шынайы өмірден алынған және әр жас көрермен өзін осы кейіпкердің орнында елестете алады. Біздің ойымызша, бұл — әр адамның өмірінде кездесетін және уақтылы шешілмесе, үлкен өкінішке әкелетін өте маңызды мәселе.

Бағыт

Meta-Skills: машық пен дағды

Мақсат

Жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдауына назар аударту, уақытты тиімді пайдаланудың маңызын көрсету және «ертеңге қалдыру» әдетінің салдарын жеткізу.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

Main Girls
Not in the background. Always the main scene.
Толығырақ
5 адам қолдау көрсетті
  • l
    Ұлтуар
    Бұл тақырып расымен де көп жасөспірімдерге маңызды. Себебі, дәл осы кезеңде біз өзімізді табуға, болашағымызды қалыптастыруға қадам жасаймыз. Видеоролик маған алдағы жоспарларымды қайта қарап, нақты мақсат қою керегін түсіндірді.
    Толығырақ
  • F
    Феруза
    Көптеген жасөспірімдерді алаңдататын мәселе. Себебі, жасөспірімдік кезең балалық пен есею арасындағы көпір болған шақ. Видеоролик маған да болашағым туралы жіті ойлауым керек екенін еске салды.
    Толығырақ
  • S
    Сабина
    Өте мағыналы және керемет фильм түсірілген. Өте қатты ұнады!
    Толығырақ
WhatsApp