Цифрлық әлемдегі технологиялар және мен

Мен келісемін
Қазіргі цифрлық дәуірде киберқауіпсіздік — ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен дербес мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ететін басты тетік. Бұл салада құпиялық саясаты маңызды рөл атқарады, себебі ол жеке және корпоративтік ақпараттың рұқсатсыз қолжетімділіктен, бұзылудан немесе таралуынан қорғайды. Құпиялық саясаты ұйымның ішкі ережелерін белгілеп, қызметкерлер мен пайдаланушылардың деректерді қалай пайдалану керектігін нақтылайды. Сонымен қатар, ол заңнамалық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді, мысалы, Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңы аясында. Киберқауіпсіздікті нығайту үшін ұйымдар тек техникалық құралдармен шектеліп қалмауы керек, сонымен бірге ақпараттық мәдениетті дамытып, құпиялық саясатын үздіксіз жетілдіруі қажет. Ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер үнемі өзгеріп отыратындықтан, құпиялық саясаты да соған сай икемді, заманауи әрі кешенді болуы тиіс. Киберқауіпсіздікке байланысты бұл жоба адамдарға ой салады. Бұл жоба адамдарға пайдалы болады деген үміттемін.

Бағыт

Meta-Skills: машық пен дағды

Мақсат

Адамдарға киберқауіпсіздік, жеке деректерді сақтаудың мәнін түсіндіру. Құпиялық саясатын оқымаудың салдарын түсіндіру. Қашан? Неге? келіскендері туралы үлкен ой салады деген үміттемін.

Жоба паспорты

Сценарий

Жоба видеосы

Топ

ShugX
I'm Shugyla. My team is ShugX.
Толығырақ
5 адам қолдау көрсетті
WhatsApp