Заманауи өмірдегі дәстүрдің ықпалы
МҰРА
Жалпы біздің жобамыздың бағыты - Ұлттық мұра. Бұл бағытты таңдаудағы басты себеп - қазіргі таңда ұмыт болып жатқан салт - дәстүрлер мен ұлттық бұйымдар өте көп. Солардың ішіндегі алқалардың бірегейі "Өңіржиекті" таныстыруды жөн көрдік. Жалпы бұл бұйымның мағынасы тереңде жатыр. Өңіржиек - қазақ халқының көне зергерлік өнерінен сыр шертетін дәстүрлі әшекей бұйым. Ол - әйел адамның үш кезеңін бейнелейді. Тіптен біздің өзіміз осы жобаға қатысып, ізденіс үстінде осындай ұлттық бұйымдардың бар екеніне көзіміз жетті. Өзіміз ғана біліп қоймай, басқа да адамдарға насихаттау мақсатында осы туралы кино түсіреміз деп шештік. Түсірілім кезінде аса қатты қиындықтар болған жоқ. Керісінше осы киноны түсіру барысында әшекей сатушылардың өзі бұл алқаның тарихы мен мағынасын білмейтініне көзіміз жетті. Бұның мағынасын естігенде сатушылардың өздері де таңданыстарын жасыра алмады. Бірақ біз тек қана өңіржиекті ғана түсіріп қоя салмай, ұлттық болмысымызға сай салт - дәстүрдің біраз түрлерін қарастырдық. Атап айтқанда, қолға су құю, табаққа сәлем салу, домбыра тарту, ұлттық тағамдарды пісіру және т.б.
Мақсат
Біздің жобамыздың мақсаты - бұрынғы кезде қолданыста болып, кейінгі жылдарда ұмыт қалған ұлттық бұйымдарымыздың мән - мағынасын насихаттау. Болашақта тек бұнымен тоқтап қалмай, басқа да ұлттық зергерлік бұйымдардың шығу тарихын зерттеп, зерделеп көпшілікке насихаттау.
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ
QazaqSoul
QazaqSoul - көне рух, жаңа дем!
Толығырақ