Мечта и путь к ней

Үмітіңді үзбе
Менің жобамның мақсаты – жастар арасында үміт отын сөндірмеу, өз арманына жету жолында қандай қиындық болса да күресуге болатынын көрсету. Әр адам – өз тағдырының авторы екенін, ал қиындықтар – өмірдің бір бөлігі екенін түсіндіру. Сонымен қатар, ҰБТ-дан жолы болмаған жастарға бұл өмірдің жалғыз мүмкіндігі емес екенін ұғындыру. Бүгінде қоғамда көптеген жасөспірімдер өз арманы үшін күресуге қорқады, қолынан келмейді деп ойлайды. Қаржылай қиындықтар, психологиялық қысым, өз-өзіне деген сенімсіздік – мұның бәрі оларды тұйықтыққа әкеледі. Менің жобам – сол жастардың үмітін оятуға, олардың ішкі отын жандыруға бағытталған. Жобадағы басты кейіпкер – Жәудір – өз арманынан бас тартпайды. ҰБТ-дан сүрінеді, армандаған Астанада оқымайды, бірақ оның жолы басқа жақта ашылады. Бұл арқылы мен жастарға: "Сен құлаған сәт – соңы емес. Сол сәттен кейін де өмір бар!" – деген месседж жеткізгім келді. Сонымен қатар, жобамның тағы бір маңызды мақсаты – ананың рөлін, достың қолдауын көрсету. Жасөспірім өмірінде ата-ананың бір ауыз сөзі, достың бір иығы – үлкен рөл атқарады. Бұл жобада анасының Жәудірге деген сенімі, жақын құрбысының сөздері арқылы үлкен моральдық күш берілген. Осы арқылы мен жастарға – жалғыз емессіңдер, тек көмек сұраудан қорықпаңдар – дегенді айтқым келеді. Тағы бір жаһандық мақсат – мобилография мен SMM саласын танымал ету. Қазіргі заманда тек дипломымен ғана шектелмей, түрлі заманауи кәсіптер арқылы жетуге болатын көрсету…

Направление

Профессиональное самоопределение

Цель

Жобамның мақсаты – ауыл жастарына мотивация беру, оларға мүмкіндіктердің бар екенін көрсету. Жоба арқылы мен: «Үмітіңді үзбе, еңбек етсең бәрі мүмкін» деген идеяны жеткізгім келеді. Сонымен қатар, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтып, жастардың бойындағы сенімді оятқым келеді.

Паспорт проекта

Сценарий

Видео проекта

Команда

Umit crew
Umit crew Бізде болады бәрі new Алға қарай ұмтыламыз kep бізде болады бәрі temp
Подробнее
1 человек поддержал
  • Жамалхан Балнур Усенханкызы
    Үмітті үзбеу шыңға жетелейді
    Подробнее
WhatsApp