Цифрлық әлемдегі технологиялар және мен
Блогерлер культі және өзіңді “идеалмен” салыстыру
Біздің жобамыз — әлеуметтік желілердегі жалған идеалдар мен олардың жасөспірімдерге әсері туралы. Бұл жобада біз 16 жастағы қарапайым қыз Аружанның өмірі арқылы блогерлердің «мінсіз» өміріне қызығушылықтың қалай өзін-өзі бағалауға кері әсер ететінін көрсетеміз. Бұл тақырыпты таңдауымыз өзіміздің айналамыздағы құрбыларымыздың әлеуметтік желілерге қарап күйзеліске түсіп, өз өмірлеріне риза болмауы себеп болды. Сонымен қатар, бұл мәселе қазіргі қоғамда өте өзекті, әрі кең таралған.
Фильм форматындағы жобаны таңдаған себебіміз — визуалды әсер арқылы эмоцияны, ішкі күйді нақты жеткізуге болады. Сценарий жазу мен түсірілім кезінде түрлі қиындықтар болды: актер таңдау, локация табу, уақытты үйлестіру. Бірақ осының бәрі бізге командамен жұмыс істеуді, камера алдында және артында болатын процестерді түсінуді, монтаж және сахна қою секілді жаңа дағдыларды үйренуге көмектесті. Жобаны жүзеге асыру барысында біз шығармашылық, шыдамдылық және ұйымдастырушылық қабілетімізді де дамыттық.
Ең бастысы — біз бұл жобаның арқасында өзіміз де әлеуметтік желідегі жалған мінсіздікке сенудің қандай қауіпті екенін жақсырақ түсіндік. Бұл жоба бізге шынайылықтың және өзін қабылдаудың маңызын ұғындырды.
Бағыт
Өзін кәсіби маман ретінде айқындау
Мақсат
Жобаның мақсаты — әлеуметтік желілердегі мінсіз өмір көріністерінің шынайы еместігін көрсету, жасөспірімдерге өзін-өзі бағалауға, өзін салыстырмауға, шынайылықты таңдауға үндейтін месседж жеткізу. Бұл жоба арқылы біз көрермендерге адамның өмірі – фильтрсіз де құнды екенін, әркім өз жолымен бақыт таба алатынын көрсеткіміз келеді.
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ
LAULA
Мәңгі ЛАУЛАП жану үшін ғаламда,ҮЛКЕН арман керек екен адамға!
Толығырақ