Мечта и путь к ней
Простая профессия - большая польза
Бұл жоба — қарапайым мамандық иесі, автобус жүргізушісінің бір күндік жұмысын көрсететін қысқаметражды әлеуметтік деректі фильм. Бұл жобаны таңдаған себебім — жүргізуші мамандығының қоғамдағы маңызды рөлін ашып көрсету. Біз автобустарды күнделікті пайдаланамыз, бірақ рөлде отырған адамның еңбегі мен күнделікті қиындықтарын байқамаймыз. Фильм түсірілімін бастау үшін мен ең алдымен сценарий жазуға кіріспей тұрып, осы бағытта тәжірибесі бар адам іздедім. Бір-екі күннің ішінде Нью-Йорк, АҚШ-та тұратын, деректі және қысқаметражды фильмдер түсірумен айналысатын Декстер есімді режиссерді таптым. Ол маған фильмнің құрылымын жоспарлауға, кадрларды ойластыруға және жалпы шығармашылық бағыт беруге көмектесті. Түсірілімнің өзі де ерекше тәжірибе болды: мен жолдасымнан уақытша iPhone 15 Pro Max телефонын пайдаланып түсірдім. Таңғы 4-те тұрып, автопаркқа барып, жүргізушінің жұмыс күнін басынан сонына дейін көрсету үшін кадрларды жинадым. Кей күндері түсірілімнен кейін бірден үйге оралып, түн ортасына дейін емес, таң атқанша дейін монтажбен айналыстым. Монтажды танысымнын MacBook құрылғысында жасадым. Осы жоба барысында мен өзім үшін монтажға арналған жаңа бағдарламаларды таптым — мысалы, DaVinci Resolve және басқа да бейнемонтажға арналған кәсіби құралдарды таптым. Жұмыс қиын болғанымен, оның процесі өте қызықты әрі шабыттандыратын болды, себебі әрбір жаңа қадам маған жаңа білім мен тәжірибе сыйлады.
Направление
Meta-Skills: навыки и умения
Цель
Жобаның мақсаты — мамандықтың мәні мен маңызын көрерменге жеткізу, олардың еңбегін бағалауға және құрметтеуге ықпал ету. Бұл фильм арқылы адамдарға қоғамдық көліктің артында үлкен еңбек пен шыдамдылық тұрғанын түсіндіру.
Паспорт проекта
Сценарий
Видео проекта
Команда
Impact Production
Әрбір істен мән тауып, мағыналы өмір сүру
Подробнее