Мечта и путь к ней
Арман мен шындықтың қақтығысы
Менің жобам арман және оған жету жолындағы қиындықтар туралы.Менің бұл тақырыпты таңдау себебім:қазіргі таңда барлығы арманмен байланысты.Егер де адам баласының тұла бойында арман болмаса,қазіргі дәрежемізге,адамзаттың әлемдік дамуына жетпеуші едік.Сондықтан мен адамдарға арман үшін күресіп,соңына дейін баруға ұмтылу керек екенін жеткізгім келді.
Мен 1 апта бойы түсірілім процессінде болдым.Одан алдын:актер іздеу,локация табу,сценарийді қалай экранизациялауға болатынын қағаз бетіне түсіру жұмыстарын жүргіздім.
Мен өзім актрисамын,және осы жобаға дейін мен тек түскенмін бірақ түсірмегенмін.Мен үшін бұл сала жаңа.
Бір өзім оператор болғандықтан, әр диалогты бірнеше рет түсіруге тура келді. Крупный, средний, общий план — барлығын штатив пен стабилизаторсыз түсіру оңай болған жоқ. Петличка істемей қалып, түсірілім кезінде жедел шешім қабылдауға үйрендім.
Сондай-ақ, киноны жасайтын тек актерлер емес, кадр сыртында еңбек ететін адамдардың жұмысы да аса маңызды екенін түсіндім. Бұл жоба маған басқа көзқарас сыйлады.
Монтаж кезінде көрерменге ойды түсінікті әрі әсерлі жеткізу үшін көп ізденіп, материалдар оқып, видеосабақтар көрдім. «Монтаж — қиын» деген ойымды бұзып, күн сайын өзімді дамыта отырып, көңілімнен шығатын нәтиже жасадым.
Бұл 2-3 аптада мен жаңа білім алып, шыдамдылық, креатив және ізденістің қаншалықты маңызды екенін ұқтым.
Направление
Meta-Skills: навыки и умения
Цель
Біздің елде арманы барлар көп, бірақ соңына дейін күресетіндер аз. Қиындықта бас тартып, жарты жолда қалады. Сондықтан бізде әлемдік брендтер де, әйгілі режиссерлер де, даңқты клубтар да өте аз. Мәселе қабілетте емес, табандылықта. Ел дамуы үшін әркім арманын соңына дейін жеткізіп, тоқтамай еңбек етуі тиіс. Үлкен жетістік – арманнан емес, сол арман жолындағы қажырлы еңбектен туады.
Паспорт проекта
Сценарий
Видео проекта
Команда
ŞAM
Армандар орындалады,мақсатың айқын болса!
Подробнее