Технологии и я в цифровом мире
Әлеуметтік желілерге, гаджеттерге тәуелділік
Менің жобам-қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі,яғни жастардың телефон мен әлеуметтік желіге тәуелділігі туралы.
Аптаның бес күні бойы телефоннан бір елі ажырамаған, бірде-бір рет кітап бетін ашпаған жасөспірімнің ішкі өзгерісін, рухани серпілуін көрсеткім келді. Күнделікті таңнан кешке дейін телефон іздейтін,кешке дейін TikTok пен Instagram-ды қарап уақытын текке өткізетін сол жасөспірімнің бір күні телефонсыз қалып, шынайы өмірдің дәмін татып кітап оқуға деген құштарлығын арттыру болды. Сол бір сәтсіз "телефонсыз күн" оның шынайы өмірге қайта оралуына себеп болады. Осы арқылы мен телефонсыз да өмірдің қызықты, мағыналы екенін жеткізгім келді.
Бұл жобаны мен бір өзім, ешқандай үлкен техникасыз, тек сіңілімнің телефонының көмегімен IPhone 7 смартфонымен, соңғы күн қалған кезде түсірдім.Тек сіңілім екеуіміз болғандықтан түсіру өте қиын болды.Кәсіби мамандар емеспіз,сонда да қолдан келгенше тырыстық.Соңғы күн болғандықтан,уақыттың тығыздығынан тезірек түсіріп,тезірек монтаждау керек болды.Бақ шаба ма,баб шаба ма демекші кеште болса басымызды сынап көргіміз келді.Бастапқыда мүлде басқа тақырып таңдалған еді,(Қоқыстар сөйлей бастаса не болады?деген тақырып болатын)Әрине бұл тақырып та өте өзекті.Бірақ жүрегіме тыныштық бермеген бір ой болды-осы тақырыпты көтеру керек.Себебі бұл көп адам байқамайтын, бірақ ішімізді жайлап алған «цифрлық удың» әсерін көрсете отырып,көрерменнің жүрегіне ой салғым келді.
Направление
Meta-Skills: навыки и умения
Цель
Әлеуметтік желідегі жалған өмірге байланып, шынайы өмірден ажырап бара жатқан жастар саны күннен-күнге артып келеді. Сол тәуелділікті көрсетіп қана қоймай, одан арылуға үндеу.Телефонсыз бір минут өмір сүре алмайтын емес, бір сәтін де білімге арнай алатын ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсат. Себебі болашақ — білімді, көзі ашық, ойы терең жастардың қолында. Телефон өмірдің мәні емес, ал білім-болашақтың кілті екенін ұғындыру-осы роликтің жүрекке жетер миссиясы.
Паспорт проекта
Сценарий
Видео проекта
Команда
Qazaq zharygy
Рухпен тұтанып, біліммен жанамыз, Арман мен ел үмітін арқалап барамыз!
Подробнее