
Өсу құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруді сәнге енгізу.
«EL UMITI» премиясы туралы – жоба жастардың кәсіп табуына, әртүрлі салаларда өздерін жүйелі түрде дамытуға, өзгелерге қамқор болуға, алға қойған мақсаттары мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қолдау беру және көмектесуге бағытталған.
Ережені ашуПРЕМИЯҒА АПАРАР ЖОЛ
1-кезең. Өзін-өзі жетілдіру
2-кезең. Жоба жұмыстары
Финал. Жоба жұмысын жазғы лагерьде қорғау
ПРЕМИЯҒА АПАРАР ЖОЛ
1-кезең. Өзін-өзі жетілдіру
2-кезең. Жоба жұмыстары
Финал. Жоба жұмысын жазғы лагерьде қорғау
Тәжірибелі тәлімгерлер қолдауыТәлімгер сенің тұлғалық әлеуетіңді ашуға көмектеседі. Жоба барысында өз қызметінің нағыз маманы болған тұлғадан өзіңізге сауатты кеңес, қолдау, кері байланыс ала аласыз. Сізбен өз тәжірибесімен бөлісіп, премияны алу жолында болатын қателіктерден айналып өтуге көмектеседі.
Маусым айында пікірлестеріңізбен бірге уақытыңызды Қазақстан аймағында орналасқан демалыс орындарының бірінде өткізесіз. Сізге білім беру лагері - білім беру тәжірибесін алуға, дарыныңызды дамытуға және жаңа таныстар табуға берілетін тамаша мүмкіндік.
Өздері қол жеткізген табыс тарихымен, жастарға пайдалы ақпаратпен бөлісетін тәжірибелі кәсіби мамандардан құнды білім алатын боласыз. Демалыс түрлі шеберлік сабақтарына, тренингтерге және спорттық шараларға толы болады.

Жоба шарттарын толық орындаған қатысушы кәсіпкерлік және бизнес бағыттары бойынша жобалау туралы тегін оқу курсынан өтеді. Бұл курста медиа, креативті индустрия, кәсіпкерлік және жастардың өзін-өзі басқару салаларында жоба жасауды үйреніп, керемет сыйлықтар ұтып алуға болады. Актуалды жоба жасаған ең креативті қатысушылар ақшалай сыйлық иегерлерінің қатарында болады!