El Umiti Премиясының лауреттары анықталды

Поздравляем победителей!
27 тамыз 2025

27 тамыз күні Астанада еліміздің әр өңірінен жиналған 15–17 жас аралығындағы дарынды жасөспірімдер финалда бақ сынады. Биыл жобаға 500-ге жуық өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 252 қатысушы келесі кезеңге өтті. Ал олардың арасынан ерекше көзқарасы мен әлеуетін танытқан 21 жас финалға жолдама алды.

Финал барысында қатысушыларға қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселені қысқаметражды фильм арқылы көрсету және оны шешудің жаңа жолын ұсыну міндеті жүктелді.

 Жеңімпаздар:
1 орын – Алишер Адилхан (Абай облысы)
2 орын – Исак Альгазиз (Астана)
3 орын – Каратаева Аяулым (Қостанай облысы)
3 орын – Башенова Медина (Солтүстік Қазақстан облысы)
3 орын – Турдахун Амина, Орымбаев Дамир (Алматы)

Жеңімпаздарға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлық табысталды.

El Umiti Премиясы - жасөспірімдердің қабілетін дамытып, спорт, білім, еріктілік, экология, ұлттық мұра секілді бағыттарда өз-өзін жетілдіруге жол ашатын платформа.

El Umiti Премиясы 3.0 - Жастарға жаңа мүмкіндік
Жобаға тіркелу басталды!
15 қыркүйек 2025
"El Umiti-2025" жазғы лагеріне іріктеу нәтижелері
Нәтижелерді жариялаймыз!
15 мамыр 2025
"Өзгеміз, бірақ біргеміз!" рэп-конкурсын жариялаймыз
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған
16 сәуір 2025
Қазақстан тарихы бойынша онлайн-турнир
"Тәуелсіздік дәуірі" ойыны бойынша онлайн-турнир жариялаймыз!
26 наурыз 2025
WhatsApp