El Umiti Премиясы 3.0 - Жастарға жаңа мүмкіндік

Жобаға тіркелу басталды!
15 қыркүйек 2025

Қазақстандық оқушылар үшін дәстүрге айналған ерекше жоба – El Umiti Премиясы өз жалғасын тапты. Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бұл бастама еліміздің белсенді әрі алғыр жастарына өз қабілеттерін көрсетіп, жаңа қырынан дамуға жол ашып отыр.

Премияның басты мақсаты – жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, қоғамдағы орнын табуына және болашағына сенімді қадам жасауына қолдау көрсету.

Кімдер қатыса алады?

Жобаға 14–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады. Негізгі талап – белсенді өмірлік ұстаным, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс және топпен жұмыс істей білу.

Бағыттары қандай?

Премия 7 бағыт бойынша жүзеге асады:

1.        Спорт және салауатты өмір салты

2.        Meta-Skills: машық пен дағдылар

3.        Оқуға құштар ұлт

4.        Еріктілік

5.        Ұлттық мұра

6.        Экологиялық мәдениет пен туризм

7.        Цифрлық дағдылар және болашақ

Қатысушыларды не күтіп тұр?

Премияға тіркелген жастар тәлімгердің қолдауымен жеке даму жоспарын құрып, арнайы курстардан өтеді. Кейін жеке немесе топтық жобаларын дайындап, жазғы лагерьде финалда қорғайды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлық пен Лауреат атағына ие болады. Ал финалға шыққандар жазғы лагерьге тегін жолдама алады.

Қалай қатысуға болады?

Өтінім қабылдау мерзімі: 15 қыркүйек – 15 қараша
 Өтінім беру: premia.elumiti.kz

Өтінімге қысқа мотивациялық бейнеролик, фотосурет және соңғы екі жылдағы жетістіктерді растайтын құжаттар қоса тапсырылады.

El Umiti Премиясының лауреттары анықталды
Поздравляем победителей!
27 тамыз 2025
"El Umiti-2025" жазғы лагеріне іріктеу нәтижелері
Нәтижелерді жариялаймыз!
15 мамыр 2025
"Өзгеміз, бірақ біргеміз!" рэп-конкурсын жариялаймыз
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған
16 сәуір 2025
Қазақстан тарихы бойынша онлайн-турнир
"Тәуелсіздік дәуірі" ойыны бойынша онлайн-турнир жариялаймыз!
26 наурыз 2025
WhatsApp