Цифрлық әлемдегі технологиялар және мен
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Мен бұл тақырыпты таңдадым, өйткені бүгінгі күні гаджеттер мен әлеуметтік желілер біздің уақытымызды ғана емес, зейінімізді, денсаулығымызды және қарым-қатынасымызды да жұтып жатыр. Жол апаттарының артуы, ұйқы сапасының төмендеуі – бәрі де экранға байланып қалғанымыздың салдары.
Бұл фильм арқылы мен көрерменге телефон – тек құрал екенін, ал біз оның құлына айналмауымыз керектігін жеткізгім келеді.
Бұл қысқаметражды фильмде бір баланың гаджеттерге тәуелділігінің күнделікті өмірін қалай жаулап алғаны суреттеледі. Таңертең оянған сәтінен бастап, ол телефон мен ойындарға толы әлемге батып кетеді. Үй тапсырмасын кейінге шегеріп, уақытын әлеуметтік желі, видео және ойындарға арнайды. Кенеттен жарық сөнгенде, ол өз бетімен жұмыс істей алмай, зейіні шашырап, ойлану қабілеті әлсірегенін түсінеді. Жарық қайта жанғанда, баланың алғашқы әрекеті – гаджетін қайта қосу. Фильм соңында әлеуметтік желі мен экран алдындағы уақыттың қауіпті әсерін көрсететін статистика және ой салатын цитата беріледі.
Бағыт
Meta-Skills: машық пен дағды
Мақсат
Гаджеттер мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің адамның денсаулығына, ойлау қабілетіне және өмір сапасына кері әсерін көрсету, көрерменді өз уақытын саналы басқаруға ынталандыру.
Жоба паспорты
Сценарий
Жоба видеосы
Топ