Байқаудың мақсаты – жастарға өз ойларын, құндылықтары мен мәдени мұраларын бейнелейтін рэп-импровизация арқылы өзін-өзі көрсетуге арналған платформасын ұсына отырып, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайтуға ықпал ету.
Қатысушыларға көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ерекше рэп-туынды (мәтіні – авторлық, басқа жерден көшіріліп алынбаған) шығару және шығарылған туындыны пайдалана отырып бейнеролик дайындау қажет. Дайындалған бейнероликті Instagram, YouTube, TikTok платформаларындағы (өз қалауы бойынша) жеке парақшасына #Елүміті_премиясы2025 хэштегімен жариялап, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz парақшасын белгілеуі қажет.
Байқауға келесідей бейнероликтер ұсынылуы қажет:
Бейнероликті түсіру және монтаждау барысында ерекше идеялар, бірегей баяндау стилінжәне шығармашылық шешімдер көрсеткен қатысушылардың жұмыстары жоғары бағаланады.
Қатысушылар рэп-шығарманың стилін және бейнеролик форматын өздері таңдайды.
Қатысуға өтінімді https://contests.elumiti.kz/ сайтында толтырып, жіберу қажет.
Байқауға жеке және заңды тұлғалардың абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын, Байқау тақырыбына сәйкес келмейтін бейнероликтер қабылданбайды. Бұрын басқа байқаулар үшін жасалған жұмыстар қаралмайды. Бейнеролик пен рэп-шығарма бірегей және осы Байқауүшін шығарылғңан және түсірілген болуы керек.
Бейнероликтерді бағалау Байқау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.
Байқау нәтижелері 2025 жылғы 16 мамыр https://elumiti.kz/ сайтында және Байқау Ұйымдастырушысының @el_umiti.kz Instagram парақшасында жарияланады.