Туған жерім - шағын Отаным

Видероликтер байқауын жариялаймыз!
17 ақпан 2025

Байқаудың мақсаты – туған жердің (кіші отанның) табиғи, тарихи және мәдени мұрасын, сондай-ақ туған жердің дамуына үлес қосқан ұлттық батыр тұлғаларды насихаттау. Байқау жастардың шығармашылық белсенділігін қолдауға, олардың креативті ойлауын ынталандыруға және кіші отанның байлығын сақтау үшін жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған.

Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 17 ақпаннан 15 наурызға дейін.

Қатысушыларға көрсетілген мерзім ішінде өз өңірінің көрнекі жерлері, оның ішінде туған жердің дамуына үлес қосқан ұлттық батыр тұлғалар туралы бейнеролик жасап, оны Instagram, YouTube, TikTok платформаларындағы жеке парақшасына #Елүміті_премиясы2025 хэштегімен жариялап, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz парақшасын белгілеуі қажет.

Байқауға келесідей бейнероликтер ұсынылуы қажет:
- ұзақтығы 3 минуттан аспайтын;
- қатысушының бейнероликте 80% тікелей қатысуымен, кадрдан тыс дауысты минималды түрде пайдалану, бейнеролик тек фотосуреттерден тұрмауы керек;
- сапалы (таза дыбыс және айқын бейне);
- бейнероликтер жасауда креативті көзқарас, соның ішінде туған жердің дамуына үлес қосқан ұлттық батыр тұлғалармен байланысты тарихи орындарға, тарих және мәдениет ескерткіштеріне барған кадрларды қолдану.

Бейнероликті түсіру және монтаждау барысында ерекше идеялар, бірегей баяндау стилін және шығармашылық шешімдер көрсеткен қатысушылардың жұмыстары жоғары бағаланады.

Қатысушылар бейнеролик форматын өздері таңдайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип, reels және т.б.). Қатысуға өтінімді https://contests.elumiti.kz/ сайтында толтырып, жіберу қажет.

Қазақстан тарихы бойынша онлайн-турнир
"Тәуелсіздік дәуірі" ойыны бойынша онлайн-турнир жариялаймыз!
26 наурыз 2025
Туған жерім - шағын Отаным
Байқау жеңімпаздарын жариялаймыз!
20 наурыз 2025
«Абай мұрасы – ұрпаққа аманат»
Видеороликтер байқауының жеңімпаздары анықталды
29 қаңтар 2025
“Абай мұрасы – ұрпаққа аманат”
Видеороликтер байқауын жариялаймыз!
23 желтоқсан 2024