27 тамыз күні Астанада еліміздің әр өңірінен жиналған 15–17 жас аралығындағы дарынды жасөспірімдер финалда бақ сынады. Биыл жобаға 500-ге жуық өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 252 қатысушы келесі кезеңге өтті. Ал олардың арасынан ерекше көзқарасы мен әлеуетін танытқан 21 жас финалға жолдама алды.
Финал барысында қатысушыларға қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселені қысқаметражды фильм арқылы көрсету және оны шешудің жаңа жолын ұсыну міндеті жүктелді.
Жеңімпаздар:
1 орын – Алишер Адилхан (Абай облысы)
2 орын – Исак Альгазиз (Астана)
3 орын – Каратаева Аяулым (Қостанай облысы)
3 орын – Башенова Медина (Солтүстік Қазақстан облысы)
3 орын – Турдахун Амина, Орымбаев Дамир (Алматы)
Жеңімпаздарға 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлық табысталды.
El Umiti Премиясы - жасөспірімдердің қабілетін дамытып, спорт, білім, еріктілік, экология, ұлттық мұра секілді бағыттарда өз-өзін жетілдіруге жол ашатын платформа.