Жазғы лагерь қайда өтеді?
2023 және 2024 жылдары жазғы лагерь Ақмола облысы, Зеренді ауылындағы «Сұңқар» сауықтыру орталығында 16–21 маусым аралығында өтті.
2025 жылы лагерь Ақкөл ауылындағы «Барап» БССО-да 10–19 маусым аралығында өткізілді.
Лагерьден естеліктерді біздің инстаграм парақшаларында таба аласыз! Inst: @el_umiti.kz, @elumiti_premiasy
Лагерь кімдер үшін?
Жыл сайын біздің Қор жобаларымыздың ең белсенді 200 қатысушысына арнап жазға лагерь ұйымдастырады. Бііздің қатысушылар бұл - 14 пен 17 жас аралығындағы Қазақстан бойынша мектеп оқушылары. Лагерьге қатысу толықтай тегін!
El Umiti Премиясы жобасының қатысушысы болсам, қалай лагерьге бара аламын?
El Umiti Премиясы қатысушылары 6 ай ішінде әр бағыт бойынша ең кем дегенде 12 сертификат жүктеу керек. Сонымен қатар, біздің Қордың ұйымдастыруымен болатын байқаулар мен басқа да жобалардың білсенді қатысушысы болу керек.