Мен 7 бағыт бойынша жартыжылда өзімді дамытып, Тізімде көрсетілмеген ұйымдардан өте аламын ба?
Жеке даму жоспарын жасау кезінде қатысушыға Тізімде көрсетілмеген басқа курстардан өту құқығы беріледі. Даму жоспарына өзгерістер үйлестірушінің келісімі бойынша ғана енгізіледі.
Мен неше сертификат жүктеуім керек?
I кезең барысында қатысушы жеке кабинетіне жеке даму жоспарын іске асыру барысында өзінің табысы мен жетістіктерін растайтын ресми құжаттарды жүктейді( барлық бағытты қамтитын кемі 12 сертификат болуға тиіс)
Мен жобаны 1 кезеңнен кейін аяқтай аламын ба?
Иә, I кезеңнен сәтті өткен қатысушыға Премияның I кезеңінен өткені туралы сертификат беріледі. Сондай-ақ, курстың соңында финалистерге әлеуметтік жоба құру арқылы өз идеяларын жүзеге асыру және II кезеңнен өту мүмкіндігі беріледі. Яғни, сіз осы кезеңде жобаны жалғастыра аласыз немесе аяқтай аласыз.
І кезең, «Өзін-өзі жетілдіру» кезеңі қашан басталып, қашанға дейін созылады?
I-кезең, «Өзін-өзі жетілдіру» кезеңі 1 желтоқсан мен 31 мамырды қоса алғандағы аралықта 7 бағыт бойынша жарты жылдық өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын көздейді:
«Спорт және салауатты өмір салты»;
«Meta-Skills: машық пен дағдылар»;
«Оқуға құштар ұлт»;
«Еріктілік»;
«Ұлттық мұра»;
«Экологиялық мәдениет, туризм»;
«Өзін кәсіби маман ретінде айқындау»