Конкурстың мақсаты – жобаның дарынды және шығармашыл қатысушыларын анықтау және қолдау, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ынталандыру, қатысушылардың байқаулар мен қоғамдық іс-шараларға белсенділігін ынталандыру.
Өтетін мерзімі: 2024 жылғы 19 сәуір - 6 мамыр аралығында.
Қатысушы көрсетілген мерзімде эссе жазып, konkurs@el-umiti.kz электрондық поштасына жіберуі қажет.
Эссеге қойылатын талаптар:
а) Эссе көлемі 2 баспа (Word) беттен аспауы керек;
б) Эссе келесі сұрақтарды қамтуы керек:
«El Umiti» Премиясы» жобасы менің дамуыма қалай ықпал етті;
«El Umiti» Премиясы» жобасына қатысу барысында қол жеткізген жетістіктерім.
Конкурс нәтижелері 2024 жылғы 15 мамырдан кешікпей Конкурс ұйымдастырушысының https://premia.elumiti.kz/ сайтында және @elumiti_premiasy Instagram парақшасында орналастырылады.
Үздік жұмыс авторларына бағалы сыйлықтар мен дипломдар беріледі.