Бүгін «El Umiti Премиясы» қатысушыларының ЖОБАЛАРЫНА дауыс беру басталды. 
Дауыс беру қорытындысы іріктеудің бір критерийі болып табылады. Соңғы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды. 
Дауыс беру тәртібі:
1.    «El Umiti Премиясы» платформасына кіріп, «Жобалар» деген батырманы басасыз.
2.    «Дауыс беру» деген батырманы басу арқылы өзіңізге ұнаған Жобаға дауыс бересіз.
3.    Аты-жөніңіз бен эл.поштаңызды қалдырасыз, эл. поштаңызға растау коды келеді.
4.    Растау кодын жазасыз.
Дауыс беру тегін.
Дауыс беру 16-18 тамыз аралығында, сағ. 23:59-ға дейін жалғасатын болады.  Іріктеу нәтижелері 2024 жылдың 20 тамызда premia.elumiti.kz платформасында жарияланатын болады. Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!