Елордамыздағы Ұлттық Музейдің ғылыми кітапханасында «El Umiti Премиясының» финалы және марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 14 жастан 17 жасқа дейінгі үздік оқушылар мен студенттер, бірнеше ай дайындаған әлеуметтік жобаларын қорғап, бақ сынады.
Сайыс бір жылға жуық уақытты қамтитын II кезеңнен тұрды. I кезең - «Өзін-өзі жетілдіру». Бұнда қатысушылар 7 бағыт бойынша түрлі оқу курстары мен байқауларға қатысып, жетістіктерін сайтқа жүктеді. II кезеңге өткендер әлеуметтік тақырыпта жоба әзірледі.
Нәтижесінде I-орын, 2.000.000 теңгені «Bilim innovation» тобы жеңіп алды.
ІІ-орынға «OйLike», «Tanda» жобалары лайық деп танылды.
ІІІ-орынды «LinkUp», «PlastX», «Ecosystem» жобалары иеленді.