2024 жылдың 23 желтоқсаны мен 2025 жылдың 23 қаңтары аралығында «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» республикалық видеороликтер байқауы өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 746 оқушы қатысып, Абай Құнанбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, өз шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылардың басты мақсаты – Абай шығармаларын (өлең, проза үзінді немесе Қара сөздер) сезіммен, дұрыс интонациямен, шығармашылық көзқараспен жеткізу. Видеороликтердің ұзақтығы 1-3 минутты құрап, сапалы дыбыс пен бейне талап етілді.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын:
Сейілхан Ақбота Даниярқызы (Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы).
2 орын:
Көптлеуова Гүлшат Доскеновна (Алматы қаласы, Медеу ауданы).
Сламғали Сабина (Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, №8 гимназиясы).
3 орын:
Орумбаев Азамат (Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, №54 орта мектеп).
Зекенов Елнұр Төлеубекұлы (Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар ауылы, «Ақжар жалпы орта білім беру мектебі»).
Бұрымбет Назым.
Арнайы номинациялар:
Сарсенбай Нұрсәт – «Абай тыңдаған ақын» номинациясы.
Мирсадыкова Ясмин Рафаэльқызы – «Құлақтан кіріп бойды алған» номинациясы.
Булабай Аружан – «Шабыттың шебері» номинациясы.
Қазылар алқасының осы құрамы байқау жұмыстарын әділ бағалап, үздіктерді анықтады:
Амрин Асланбек Кеменгерович – «El Umiti» қорының директоры.
Палман Лаура Тельманқызы – ақын, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз хатшысы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Куатова Айгуль Советовна – «El Umiti» қорының көшбасшыларды дамыту және цифрлық білім беру орталығының жетекшісі.
Лодочников Алексей Алексеевич – «El Umiti» қорының медиа бастамаларды жүзеге асыру орталығының жобалар менеджері.
Тоқышева Наркес Даниярқызы, Мақсұтжанов Асқар Борамабайұлы, Нұралин Рустам Ғайратұлы – «El Umiti» қорының жобалар координаторлары.
Жүлдегерлер өздерінің мақтау қағаздарын мына сілтеме арқылы жүктей алады:
https://drive.google.com/drive/folders/1DyB3M_8mFhbJXFBDtC8Q4ZLGu3rWXn1f?usp=sharing
Жеңімпаздардың жұмыстарын осы жерден көре аласыздар!
Бұл байқау Абайдың рухани мұрасын дәріптеуге және жас буынның шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған маңызды шара болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және шын жүректен құттықтаймыз!