EL UMITI Премиясының іріктеу қорытындысы шықты
EL UMITI Премиясы – Қазақстанның келешегі зор көшбасшы жастарына арналған тың жоба. Жобаға 14 пен 18 жас аралығындағы, айқын көшбасшылық қасиеттері, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі дамытуға және ұжыммен жұмыс істеуге ұмтылысы бар қазақстандық жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Ал мұндай жастар елімізде өте көп!
Премия байқауына қатысуға тіркелу кезінде сараптама комиссиясының қарауына 818 үміткерден құжаттар келіп түсті. Олардың 500-і байқау іріктеуінен сүрінбей өтті. Байқау сараптамасына үміткерлер тарапынан бірдей суреттер, бөтен адамның ынталандыру бейнероликтерін ұсынған немесе бірнешге рет тіркелген жағдайлар да орын алды. Байқау ережесіне сәйкес бұл өтініштер іріктеу кезеңінен әрі қарай өткізілмеді. Сонымен бірге, өңірлер арасынан байқауға қатысуға түскен өтініштер арасынан ең көп қатысушы іріктеліп алынған аймақтар мыналар: Түркістан облысынан - 87 адам, Шымкенттен – 78, ал Абай ауданы үздік үштікті – 57 қатысушымен аяқтады.
Атап өтсек, 2023 жылдың 19 қыркүйегінде «El Umiti» қоры» корпоративтік қоры Астана қаласында «El Umiti» Премиясы» деп аталатын жаңа жобасының тұсаукесерін өткізді. Жоба тұсаукесеріне серіктестеріміз Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ директоры Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева, «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Раиса Петровна Шер, «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Татъяна Миронюк пен «UMIT TYNYSY» қоғамдық қорының басшысы Ерлан Арысланұлы Теміров қатысты.